Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бап 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 2006 жылы ұйымдар мен кәсіпорыңдарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрған кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін (2-қосымша) (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаражатынан және Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен белгілеген, ең гөменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде жұмыс берушінің жартылай өтемақысымен төленсін.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды ауданның 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сай қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № а-3/88 «2006 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Ақкөл аудандық әділет Басқармасында 2006 жылғы 24 наурызда № 1-3-47 тіркелген қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 7
7. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/40 «2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет Басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне еніп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялансын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізілсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қаржы бөлімінің бастығы Л.Величко «16» 02 2007 ж. «КЕЛІСІЛДІ» Жұмысден қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Мананбаева «16» 02 2007 ж.
Басқа 11
1-Қосымша Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 16.02 № А-2/64 қаулысымен Бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы Ереже халықтың нысаналы тобынан жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) негізгі шарттарды және есеп жүргізу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің іс қимылда болуы Қазақстан Республикасының «2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушінің жергілікті атқару органымен келісім негізінде нысаналы топқа кіретін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, олардың жалақысын жұмыс берушінің жартылай өтемақысымен, жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жұмыс орны.
Тармақша 2
2) Нысаналы топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгілеген жұмысқа орналасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер қолданылады.
Тармақ 5
5. Өкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы тобынан әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі.
2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің өз қаражатынан жартылай еңбекақы өтемін қаржыландыру арқылы жергілікті бюджет қаражатынан белгіленеді және құрылады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқару органдары жұмыс берушілермен халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданғандардың жалақысын жартылай өтемақы төлеуге келісім-шарт жасайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту және олардың еңбегіне жалақы төлеуге арналған бюджеттік қаржыны тиімді қолдану мақсатында, жұмыспен қамту бөлімі, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жазбаша келісімі бар жұмыс беруші ұйымдардың тізбесін анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жолдаманы өкілетті орган береді.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуда нысаналы топтарға жататын аз қамтамасыз етілген жұмыссыздардың басымды құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың ецбекақысын жұмыс беруші ай сайын, жеке еңбек шартына сәйкес істелген жұмыстың көлеміне және сапасы мен орындалған жұмыстың ауырлығына қарай төленеді.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде және алты айдан аспайтын мезгілге төленеді. Бюджеттік қаржы жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін жалақыға белгіленген заңдылық тәртібінде салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбеақысы нақты орындалған жұмыс көлеміне байланысты төленеді.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушіпер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуге жұмсалған өз шығындарының өтеміне жұмсайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұумыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуын бақылау мемлекеттік органдармен белгіленген заңдылық тәртібінде жүзеге асырылады.
Басқа 34
2-қосымша Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16.02. № А-2/64 Қаулысымен БЕКІТІЛГЕН 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құрған кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕЛЕРІ № реті Кәсіпорындардың, ұйымдар мен селолық округтардың атауы Қатысушылар саны (адам) Жұмыстың ұзақтығы (айлар) 1 «Ақкөл» селолық тұтынушылар кооперативі 2 6 2 Жеке кәсіпкер «Туров» 3 6 3 «Алексеевкарайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 6 4 «Ақкөл баспаханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 3 3 5 «Урюпинка және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 3 6 «Новорыбинка және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 3 7 «Темірлан» шаруа - фермерлік шаруашылығы 2 6 8 «Нұрзат» шаруа – фермерлік шаруашылығы 2 6 9 «Сәкен Санды» шаруа - фермерлік шаруашылығы 2 6 10 «ДЕСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 3 Жиыны 25