Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости на 2007 год по Атбасарскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар ауданы бойынша 2007 жылға халықтың мақсатты топтарын белгілеу және оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету шаралары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес мақсатты топтар құрамына енетін және неғұрлым әлеуметтік қорғауды қажет етуші тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатымен, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мақсатты топтарға енетін тұлғалар тізбесін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы бойынша басшылыққа алсын.
Тармақ 2
2. Мақсатты топтарға енетін тұлғалар тізбесін келесі тұлғалар санатымен толықтыру:
Тармақша 1
1) ұзақ жұмыс істемейтіндер (жылдан артық);
Тармақша 2
2) 24 жасқа дейінгі жастар;
Тармақ 3
3. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (алдағы ММ) (Ә.Қ. Төлегенова):
Тармақша 1
1) мақсатты топтарға енетін тұлғалардың кәсіби дайындығы және жұмыспен қамту бойынша уақытында шаралар қолдану;
Тармақша 2
2) халықтың мақсатты топтарға енетін тұлғаларына қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру жолымен жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 4
4. Атбасар қ., село, ауылдық және селолық округ әкімдеріне «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» ММ-мен өзара бірлесіп мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылы 1 қаңтарда шыққан осы қаулы құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И. Боброваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.