2007 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халық жұмыспен қамту туралы» 2201 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын асыру бойынша шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын басшылыққа алып, еңбек нарқындағы жағдайды жақсарту және аудан ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескере отырып қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы от 01.03.2007 г. № 80 (2007 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы)
1. Зеленов ауданы бойынша 2007 жылғы қоғамдық жұмыстардың түрі, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың жалақы мөлшері, қаржыландыру көзі және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімдері бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық жұмыстарды өткізуге жұмыс берушілерден өтініш түскен жағдайда осы қаулығы өзгеріс енгізу туралы әкімдікке ұсыныс әзірленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.К. Шохинаға жүктелсін.
4. 2006 жылғы 8 сәуірдегі № 14 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің «Зеленов ауданы бойынша 2006 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 15, 2006 жылғы 17 ақпандағы тіркеу № 7-7-20 және аудан әкімдігінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 21 «2007 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
№ 1 қосымша
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
1 наурыз № 80 қаулысымен
бекітілді
Зеленов ауданы бойынша 2007 жылғы қоғамдық жұмыстардың түрі, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың жалақы мөлшері, қаржыландыру көзі және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
№
Мекемелердің тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың көлемі және тізімі
Қоғамдық жұмысқа қатынасқан 1 кісінің төлемақысының, мөлшері, теңге
Қоғамдық жұмысқа бөлінген қаржының жалпы қоры, мың теңге
Қаржының көзі
1
Ауыл округтері
1. Елді мекендерді санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, орман саябағы шарушылығын қорғау және дамыту.
2. Жол салуда, жөндеуде және күтудегі қосалқы жұмыстар.
3. Жалғызілікті қарт кісілерге және мүгедектерге үйлеріне келіп қызмет көрсету.
4. Тұрғын үйді, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілерді жөндеудегі қосалқы жұмыстар.
5. Әлеуметтік-мәдени саладағы объектілерді қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындаудағы қосалқы жұмыстар.
6. Республикалық және аймақтық қоғамдық шараларға қатысу.
7. Күзет жұмысы (сақтандыру шартымен).
8. Жазғы каникул кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру.
9. Ауданның селолық округтерінің аумағындағы үй малбасы мен төлдерінің есебі.
10. Бюджеттік ұйымдардағы қосалқы жұмыстар.
9752
14011,0
Жергілікті бюджет
2
«Коммунальник» мемлекеттік коммуналдық көсіпорны
11. Елді мекендерді абаттандыру.
3
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
12. Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны қайта санауға көмек көрсету.
4
Зеленов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
13. Әскерге шақырылу кезеңіне әзірлік өткізуге жәрдем беру.
5
Мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме
14. Абаттандыру.
6
Аудандық ішкі істер бөлімі
15. Еңбегімен күнелтуші эмигранттарға мүікті жария етуге жәрдем беру.
7
Ауданының әділет басқармасы
16.Тіркеу кітабын үлестіруге жәрдем беру.
8
Аудандық прокуратура
17. Шақыру қағазын,хат-хабарды және тағы басқаларды жеткізу.
9
Аудандық сот
18. Шақыру қағазын,хат-хабарды және тағы басқаларды жеткізу.
10
Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі
19. Мүлікті жария етуге байланысты жәрдем беру.
11
Аудандық жер қатынастары бөлімі
20. Мүлікті жария етуге байланысты жәрдем беру.
12
Аудан әкімдігі
21. Мүлікті жария етуге байланысты жәрдем беру.