2007 жылы аудан ормандарын өрттен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы аудан ормандарын өрттен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 31 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 699 «Қазақстан Республикасындағы ормандарды сақтауды қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Меңдіқара ауданының аумағында ірі өрттерді жоюға катысатын жедел қызметтер мен меншіктің әр түрлі нысанындағы субъектілері арасында өзара іс-кимылды және адамдар мен техниканы уақытында жұмылдыру мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан ормандарында өрттер мен химиялық күйіктерді болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары және орман өрттерін сөндіруді басқару жөніндегі ауданның жедел тобының құрамы бекітілсін (1, 2 - қосымшалар).
Тармақ 2
2. Селолық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы құрылымдарының орман қорына тиіп тұрған аумақтарда шөптерді өртеуді, ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдарда және пішендерде шөптесін өсімдіктер мен сабан түптерінің қалдықтарын өртеуді жүргізулеріне бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағыныстағы аумақтарда бой бермейтін өртеуді жүргізуге тыйым салсын.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің филиалы Меңдіқара ауданының № 22 ӨСБ бастығына (келісім бойынша) аудан ормандарында өрт пайда болған жағдайларда техникамен және жеке құраммен «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне көмек көрсетуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 4
4. «Боровской ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің директорына (келісім бойынша) жоғары өрт қаупі кезеңінде азаматтардың орманға баруына және оған көлік құралдарының кіруіне тыйым салуға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 5
5. Меңдіқара ауданы әкімдігінін 2006 жылғы 21 ақпандағы № 95 «2006 жылы аудан ормандарын өрттен сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» (тіркеу нөмірі 9-15-32, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 3 сәуірде № 15 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн -өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Аудан ормандарын өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Әкімдіктің 2007 жылғы
26 ақпандағы № 54 қаулысына
1-қосымша
Аудан ормандарын өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары