2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сиппаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 -бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған Меңдіқара ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Селолық округтердің әкімдері2007 жылғы 1 наурызға дейін:
Тармақша 1
1) көктемгі кезеңде су тасқынын болдырмау, ауданның экономика мен инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлесін және бекітсін:
Тармақша 2
2) су тасқынына қарсы іс-шаралар да іске асыруға бақылау жөніндегі комиссияны құрсын.
Тармақ 3
3. Теңгерімінде су қоймалары, бөген мен бөгеттері бар ұйымдар басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) олардың кезектен тыс қарауын өткізу, авариялык тастауларды жібермеу жөніндегі шараларды көздеу;
Тармақша 2
2) су тасқыны өту кезеңіне басшылар мен авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілеу, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Меңдіқара ауданы әкімдігінің резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге «Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыллр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 300000 (үш жүз мың) теңге бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Меңдіқара ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына су таскынына қарсы іс-шаралар өткізу бойынша жұмыс жүктелсін.
Тармақ 6
6. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 21 ақпандағы № 92 «2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» (2006 жылғы 15 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-31, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 6 сәуірде № 15 жарияланған), қаулысының күші қойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Басқа 13