Об определении объектов в городе Аксу для отбывания уголовного наказания в виде привлечения к общественным работам на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған Ақсу қаласында қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналган объектілерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы ' Сотталғанның қоғамнан оқшауламен байланысты емес жазаларды орындау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" № 151 бұйрығын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша сәйкес, 2007 жылға арналған Ақсу қаласында қоғамдык жүмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналған объектілер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақсу кентінің, ауылдар мен селолық округтер әкімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналған объектілерді белгілесін.
Тармақ 3
3. Ақсу қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы "Ақсу қаласында
амдық жүмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналған
объектілерді белгілеу туралы" (Ақсу қаласының әділет басқармасында 2006 жылғы 13 шілдедегі № 12-2-36 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2006 жылғы 06 шілдеде жарияланған) № 267/5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланған сәттен бастап күшіне
енеді.
Тармақ 5
5. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бакылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға, қала әкімі аппаратының басшысы И.В. Кудашкинаға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Павлодар облыс бойынша қылмыстық-
атқару инспекциясының бастығы
Ж. Ркашев
Басқа 6
"Ақсу қаласында 2007 жылға арналған
қоғамдык жүмыстарға тарту түрінде
қылмыстық жазаны өтеуге арналған
объектілерді белгілеу туралы" Ақсу
қаласы әкімдігінің 2007 жылғы
1 наурыз № 170/2 қаулысына
қосымша
Тармақ 1. 2007 жылға арналған қоғамдық жүмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналған объектілердің
тізбесі
2007 жылға арналған қоғамдық жүмыстарға тарту түрінде қылмыстық жазаны өтеуге арналған объектілердің
тізбесі
1. Ақсу қаласының әкімдігі, "Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақсу-Коммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
2. "Энергетик" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
3. "Таир-1" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
4. "Романтик" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
5. "Радуга" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
6. "Виктория" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
7. "Чайка" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
8. "Отан" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
9. "Ертіс-Ақсу" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
10. "Камкор" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
11. "Энтузиаст" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
12. "Пульс" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
13. "Уют-Аксу" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
14. "Луч-Аксу" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
15. "Нүр-Аксу" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
16. "Достык-Аксу" пәтер иелері кооперативі (келісім бойынша)
17. "МЖК" өндірістік кооперативі (келісім бойынша)
18. "Ақсу - қалалық коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
19. "Парус" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)