О противопаводковых мерах в весенний период 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, тасқын суын ұйымдасқан түрде және апатсыз өткізу, болуы мүмкін су тасуына жол бермеу, тұрғындарды, шаруашылықтық кешен объектілерін, коммуникация желісін және ауыл шаруашылығы алқаптарын көктемгі су тасқынының жағымсыз салдарынан тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес аудандық су тасқынына қарсы күрес штабы құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырылған аудан аумағында 2007 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері, ШЖҚ «Бурабай-Су» (С.С.Лебедько) және «Тазалық-Сервис» (К.И.Бақанов) МКК-лерінің директорлары, «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы (М.В.Кухарь), «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы (Н.Н.Зарубаев), сол сияқты меншік нысанына тәуелсіз барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар (келісім бойынша) су тасқынына қарсы іс-шараларды орындауға дайындалуды бастасын:
Тармақша 1
1) ауданның шаруашылық жүргізу салаларын және тұрғындарының тіршілік әрекетіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы іс-шаралардың барлық қажетті кешенін орындасын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың әрекетін және зардап шеккен тұрғындардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етету үшін материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдарының қажетті резервін құрсын;
Тармақша 3
3) апаттық жағдайдың салдарын жою үшін тартылатын күштер мен қүралдарды үнемі дайындықта үстасын және айқындасын және аппаттық-құтқару мен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудегі олардың іс-әрекетінің тәртібін белгілесін;
Тармақша 4
4) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізуді, өзендердің арналарын, су өткізу имараттарын, тазалау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізсін;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдары және орталықтандырылған хабарландырудың техникалық құралдары арқылы халыққа су басқан және су жайылған жағдайда әрекет ету тәртібін жеткізу бойынша шаралар кешенін ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 6
6) су тасқыны немесе су басып кетуі қауіпі төнген немесе туындаған жағдайдада тұрғындарды, ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін құлақтандыру сұлбасын пысықтасын (түзетсін).
Тармақша 7
7) бөгендерді, бөгетшелерді, бөгеттерді және тоған жинауыштарды дайындасын, тазарту имараттарының, ағын суларын сүзудің канализациялық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері, меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аудандық су тасқынына қарсы штаптың басшылығына осы қаулыға дайындалу іс-шараларының аяқталғаны туралы 2007 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Щучье ауданының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.А.Паницкийге жүктелсін.
Басқа 14. Аудандық су тасқынына қарсы күрес штабының ҚҰРАМЫ
Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 02 № а-3/111 қаулысына 1 қосымша Аудандық су тасқынына қарсы күрес штабының ҚҰРАМЫ Паницкий Виктор Александрович - аудан әкімінің орынбасары, штап бастығы Мүқатаев Амантай Бейсенбайұлы - Щучье ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бас маманы, штап хатшысы Штаб мүшелері: Жандаев Марат Кәрімұлы - Щучинск қаласының әкімі Баймурзин Болат Рамазанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Кухарь Михаил Васильевич - «Щучье ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы Потанин Владислав Михайлович - «Щучье ауданының сәулет және қала қүрылысы бөлімі» ММ-нің бастығы Куликов Анатолий Федорович - «Бурабай» телекоммуникациясы торабы біріккен бөлімшесінің директоры (келісім бойынша) Боқанов Қайыргелді Ыскақұлы - ШЖҚ «Тазалық-Сервис» МКК-нің директоры Боргер Анатолий Карлович - «Көкшетау-Энерго Шығыс АЭЖ» ЖШС филиалының директоры (келісім бойынша) Бекетаев Ізбасар Ғұмарұлы Ақмола облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының Щучье ауданы бойынша мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша) Жолдоспаев Сералы Ісләмұлы - Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Щучье ауданы бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Зарубаев Нұрлан Нұрғалиұлы - «Щучье ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ бастығының міндетін атқарушы Жанов Кенел Қалиасқарұлы - Щучье аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша) Маланин Владимир Иванович - Щучинск су-құтқару қызметінің бастығы (келісім бойынша) Лебедько Сергей Сергеевич - ШЖҚ «Бурабай-Су» МКК-нің директоры
Басқа 15. Аудан аумағында 2007 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары
Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 02 № а-3/111 қаулысымен бекітілді Аудан аумағында 2007 жылғы көктемгі кезеңде тасқын суларды апатсыз өткізу және оған дайындалу бойынша іс-шаралар жоспары № Іс - шараның атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1 2 3 4 1 Су тасқынына қарсы күресу штабы, тұрғын үйлерді, шаруашылық жүргізу объектілерін су басуының алдын алу бойынша барлық кажетті шараларды қолдансын, ауданның тұрғындарының және шаруашылық жүргізу объектілерінің бір қалыпты тіршілік әрекеті үшін жағдай жасасын. 1.04.2007ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің селолық округтердің әкімдері 2 Төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындарды, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау. 1.04.2007ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері 3 Жол техникаларының тасқын кезеңіндегі тоқтаусыз жүмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жаттықтыру. Жол жабылымының түрі мен конструкциясына қарай автокөліктің барлық түрлері үшін аудан автожолдарында рұқсат етілуі мүмкін салмақ шегіне, қозғалыс жылдамдығына, қарқындық дәрежесіне шек қою. 1.04.2007ж. дейін Щуче ІІБ-нің жол полициясы бөлімшесі (келісім бойынша) 4 Автожолдардың көктемгі кезеңде тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу, су өткізу (арьщтар, жыралар) құрылымдарын (қүбырлар, көпірлер) тазарту. Жанар-жағар май материалдарының және басқа да қажетті құралдардың (құрылыс материалдары, тас, қиыршықтас, құм, қаптар) қорын құру. Тасқынның барлық кезеңінде Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері, «Щучье ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «РСУ-16» ЖШС (келісім бойынша), «Қазақавтожол» РМК АОФ (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) 5 Жолдардағы жағдайды айкындау және бағалау, қауіп немесе төтенше жағдай туындағанда уақытша шектеу немесе автокөлік қозғалысына тиым салу, автожолдардың өте қауіпті учаскелерінде қосымша ескерту белгілерін қою және ақпаратты аудандық су тасқынына қарсы күресу штабы мен облыстық ТЖ басқармасының басшылығына жеткізу туралы шешім қабылдау. 1.04.2007ж. дейін Щуче ІІБ-нің жол полициясы бөлімшесі (келісім бойынша) 6 Болуы мүмкін, тұрғындарды, ауыл шаруашылығы малдарын, материалдық қүнды заттарды қауіпті аймақтардан және ТЖ аймағынан көшіруді ұйымдастыру үшін автотасмал техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын, оларды көшіріп әкелу орындарын дайындауды қамтамасыз ету. 23.03.2007ж. дейін Щучинск қаласының, Бурабай кентінің, селолық округтердің әкімдері, аудандық суда құтқару қызмету (келісім бойынша), «Трансавто БК» ЖШС (келісім бойынша), «РОСТ» ЖШС (келісім бойынша) 7 Тасқын кезеңінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техникалардың қорын айқындау. Тасқынның барлық кезеңінде Аудан әкімдігі 8 Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері су қоймаларында кезекшілікті ұйымдастырсын және әр тәулік сайын аудандык су тасқынына қарсы күресу штабына су қоймаларының суға толуы және бөгеттердің жағдайы туралы ақпарат беріп тұрсын. Тасқынның барлық кезеңінде Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 9 Озерное селосының, Климов селолық округінің, Веденов селолық округінін бөгеттерінің техникалық жағдайын тасқын суларын өткізуге олардың дайындығы дәрежесін айқындауға тексеруді жүргізу. Қажет болған жағдайда бөгеттерді күшейту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. 23.03.2007ж. дейін Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері, су тасқынына қарсы күресу штабы 10 Жем-шөптерді тасқын кезеңінде астық қоймаларында су басудан, су алудан сақтауды қамтамасыз ету бойынша ескерту шараларын жүргізсін. Мал және қойма жайларын, астық қоймаларын қардан уақытында тазартуды қамтамасыз ету. Таскынның барлық кезеңінде Ауыл шаруашылығы бөлімі, фермерлік және шаруа қожалықтары (келісім бойынша) 11 Су басуына және оның қоршауына қалуы мүмкін елді мекендерде су сору техникаларының және де су басу аумағына кіретін тұрғындарды шұғыл көшіру үшін жүзу құралдарының қажетті санын дайындауды жүргізу. 1.04.2007ж. дейін Щучинск қаласының, Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 12 Арчалы, Қылшақты көлдерінде су тасқыны кезеңінде және ол басталғанға дейін су режиміне түрақты бақылау жүргізу, оларда су деңгейінің көтерілуін және ағып келуін тәулік сайын тіркеу. Су тасқынның барлық кезеңінде Абылайхан, Климов, Веденов селолық округтерінің әкімдері 13 Елді мекендермен, әсіресе су басып кететін мекендерді, аса маңызды гидротехникалык күрылыстармен және шаруашылық объектілермен түрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерді, байланыс жүйелерін тасқын су басып кетуінен корғау бойынша шаралар қолдану. Су тасқынының барлық кезеңінде «Бурабай» біріккен телекоммуникация торабы (келісім бойынша) 14 Сенімді электр қуатын үзіліссіз және тұрақты беріп тұруды, электр қуатын беретін жүйелерді тасқын суының бұзуы мен қиратуынан қорғау және жерде орналасқан қосалқы станциялардың энергетикалық құралдарын корғау бойынша қажетті шараларды жүргізуді қамтамасыз ету. Су тасқынының барлық кезеңінде «Көкшетау-Энерго Шығыс АЭЖ» ЖШС (келісім бойынша) 15 Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру. Тұрғындарға баспасөз арқылы су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабардар етіп отыру. су тасқынының барлық кезеңінде Су тасқынына қарсы штаб, аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) 16 Су тасқыны кезінде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердің емдеу мекемелерінде қажетті дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасауды қамтамасыз ету. Су тасқыны кезеңінде аумақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейту. Су тасқынының барлық кезеңінде Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша), Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпедемиологиялық қадағалау департаментінің Щучье ауданы бойынша бөлімі (келісім бойынша) 17 Осы іс-шараларды орындаумен байланысты шығыстар аудандык бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен іске асырылсын және келесі жылға қаржы бөлу қарастырылсын. «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ