Об оказании и выплате материальной помощи ветеранам и инвалидам Великой Отечественной войны на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсету және төлеу туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсетудің келесі тәртібі бекітілсін:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті алушылары болып Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері табылады;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмек өтініштік түрде болады және өтініш беру айынан тағайындалады;
Тармақша 3
3) материалдық көмектің мөлшері ай сайын 230 теңге құрайды;
Тармақша 4
4) материалдык көмектін төленуі өткен айға жүргізіледі;
Тармақша 5
5) материалдық көмек «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен алушының жеке шотына салу жолымен төленеді.
Тармақ 2
2. «2006 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсету және төлеу туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 91 қаулысының, (2006 жылғы 7 сәуірден мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-25, «Сарыкөл» газетінде 2006 жылдың 19 мамырдағы 20 нөмірінде жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «2007 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсету және төлеу туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 25 қаңтардағы №60 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Қаулы өз күшіне бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн аралығында енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Р. Жалғасовқа жүктелсін.