Об организации оплачиваемых общественных работ в Аулиекольском районе в 2007 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар уйымдасгыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-, 20- баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданында 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың тізбесі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Ақылы қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс орындарын беретін кәсіпорын басшыларына уэкілетті органмен жұмыспен қамту мэселелері бойынша нақты жұмыс түрлері мен көлемін орындауға шарт жасасу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгері қоғамдық жұмыстардың барлық түрлері мен көлемін кәсіпорындардың жұмыс пен қызмет көрсетуіне төлемақы төлеу кезінде есепке алсын.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың мынадай тәртібі мен шарттары анықталсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңымен белгіленген мөлшерінде әлеуметтік төлеуді аудару төлем шығыны жэне қоғамдық жұмысқа қатысушыларға тиесілі, келісімшартта белгіленген мөлшерінде еңбекақыны есептеу мен төлеуге екінші деңгейдегі банк қызметіне комиссиялық сыйакы төлеу шығыны аудандық бюджет қаражаты есебінен өтіледі;
Тармақша 2
2) жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есебі табелін, жалақы тагайындау есеп ведомосын тапсырған жағдайда бюджет қаражаты жұмыс берушілердің есепшотына аударылады.
Тармақ 6
6. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 17 ақпандағы №59 «Әулиекөл ауданында 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (тіркеу № 9-7-30, «Әулиекөл» газетінің 2006 жылы 22 сәуірдегі №13 жарияланған), Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 133» Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 17 ақпандағы № 59 «Әулиекөл ауданында 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» (тіркеу № 9-7-38, «Әулиекөл» газетінің 2006 жылы 22 мамырдағы № 21 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.