Об определении Перечня целевых групп населения в Житикаринском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 2) тармақшасына 7 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 13) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Оның ресми жарияланымынан 10 күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.
Басқа 5. Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесі
2007 жылғы 21 ақпандағы № 119 Қостанай облысы, Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата - ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата - аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте көмекті, тұрақты күтімді немесе бақылауды қажет етеді деп танылған азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарынан босатылғандар.
Тармақ 9
9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылғандар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уакыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. 50 жастан асқандар.
Тармақ 13
13. Бастауыш, кәсіби орта білімі бар және кәсіби жоғары білімі бар түлектер.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы бойынша тиісті кезеңіне белгіленгендей азық - түлік себеті құнынан аспайтын табысы бар толық емес отбасылар.