О предварительном профессиональном отборе кандидатов для поступления в военно-учебные заведения Республики Казахстан в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылдың 15 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы» №160 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына азамат жастар арасынан түсуші үміткерлерді сапалы және ұйымдасқан түрде алдын-ала кәсіптік іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына жастар арасынан үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеуді өткізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді іріктеу және тексеру бойынша қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді іріктеу және тексеру комиссиясының төрағасына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Әскери-кәсіптік бағыт беру және әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді өткізу жоспары әзірленіп аудан әкіміне бекітілуге ұсынылсын.
Тармақша 2
2) Әскери - оқу орындарына іріктелген үміткерлердің денешынықтыру дайындығын тексеру.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық ауруханасына (Б.М. Мейірманов) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Әскери-оқу орындарына түсуге іріктелген үмітекерлерді медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссия жүмысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қажетті дәрігер мамандар бөлу, медициналық комиссияның жұмысына қажетті құрал - жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ лабораториялык зерттеулер өткізу.
Тармақ 5
5. Аудандық білім бөлімінің бастығына (Г.Б. Сәрсенбаева):
Тармақша 1
1) үміткерлердің іріктеу комиссиясынан өту күніне дейін кажетті қүжаттардың тапсырылуын үйымдастырсын;
Тармақша 2
2) қабылдау емтиханына енетін пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізілуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Ерейментау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығына (В.М. Снежко) аудан әкіміне үміткерлерді әскери - оқу орындарына іріктеп алу кезеңінде жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы мәлімет беру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ерейментау ауданы экімінің 2005 жылдың 8 желтоқсанындағы № 19 «Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына түсуші үміткерлерді алдын-ала кәсіптік іріктеу туралы», Ерейментау ауданы әділет Басқармасында 2005 жылдың 23 желтоқсанында № 1-9-39 тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінің 2006 жылдың 4 каңтарында № 1-2 жарияланған шешімінің күші жойылады деп саналсын.
Тармақ 8
8. Осы шешім Ақмола облысының Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Тармақ 9
9. Нақты шешімнің орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 16. Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді және зерделеу комиссиясы мүшелерінің ТІЗІМІ
Ерейментау аудандық әкімінің
2007 жыл «26» ақпан № 1
шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеуді және зерделеу комиссиясы мүшелерінің ТІЗІМІ
Виктор Михайлович Снежко
- Ерейментау ауданының қорғаныс істер
жөніндегі болімінің бастығы, комиссия
төрағасы (келісім бойынша)
Ермұхан Темірғалиұлы Жапабаев
- Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
Әсет Әлиұлы Омаров
- Ерейментау ауданының ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Бахытжан Мырзағалиұлы Мейірманов
- Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің Ерейментау аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (келісім бойынша)
Гүлбарам Баярстанқызы Сәрсембаева
- Аудандық білім беру бөлімінің бастығы