Май ауданында 2007 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, білікітілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы
Еңбек нарығында жұмыссыздардың қабілетін жоғарту және жұмыспен қамтуға жәрдем ету үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» (2005 жылы 22 қазанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) Заңының 19 бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың» Қағидасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Май ауданында 2007 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы от 23.02.2007 г. № 60/1 (Май ауданында 2007 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру туралы)
1. Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 50 жұмыссызды кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілсін, оның ішінде 5 жұмыссыз аудан бюджетінен оқытылсын.
2. Жұмыссыздардың тікелей оқытумен байланысты құнына басқа төмендегі аталған шығындар 1 адамға есептеліп бекітілсін:
- облыс орталығында тұрғаны үшін 3000 теңге;
- бір күнге 150 теңге тамақтану үшін;
- медициналық куәландыруға 500 теңге
- оқу орнына баратан жолақысы 300 теңге
3. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру үшін қаржы қарастырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахымжановқа жүктелсін.