Қолданыстағы ред. 23.01.2007

2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы от 23.01.2007 г. № 31 (2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы)

0

2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 8 шілде 2005 жылғы № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 15 қантар 2007 жылғы №93 сұранысына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. 2007 жылғы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу үшін аудандық комиссия құрамы құрылсын (жалғама - №1 қосымша).

2

2. Аудандық аумақтық медицина бірлестігіне (Б.Хамидуллин) әскери оқу орындарына баратын азаматтардың дәрігерлік сараптау, флюрография, ЭКГ, бруцеллез және СПИД анализдерін талапқа сай сапалы өткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. Әскери оқуға шақырушыларды уақытында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелу және тасымал кезінде техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.

4

4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (А.Қожанғалиев) әскери оқуға шақырушыларды уақытында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жеткізу ұсынылсын.

5

5. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Н.Оразов) жанар-жағар майға қаржы бөлу тапсырылсын.

6

6. Аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.
Келісілді:
Қожанғалиев Абай
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы.
Келісілді:
Оразов Нұрлан Жанғабұлы
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің меңгерушісі
Келісілді:
Хамидуллин Бауыржан Амангельдіұлы
Аудандық аумақтық медициңа бірлестігінің бас дәрігері.

7. 2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «23» 01
№31 қаулысымен бекітілген №1 жалғама
2007 жылы жоғары әскери оқу орындарына, әскери техникалық училищелерге және кадет корпусына өз еріктерімен баратын азаматтарды дәрігерлік сараптаудан өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы.
Қожанғалиев Абай Ізімғалиұлы - аудандық әскери комиссар, комиссия төрағасы
Қарашолақова Болған - медбике, комиссия хатшысы
Амангельдина Гүлжан Игилқызы - жасөспірімдер дәрігері, терапевт
Аюпов Руслан Қадырболатұлы - дәрігер - хирург
Нысанов Есенжан Мұхамедиярұлы - лор дәрігері
Елеусинова Венера Жаукенқызы - көз дәрігері
Сүйегалиева Бақытсұлу Орынбасарқызы - тіс дәрігері
Үмбетова Света Төлегенқызы - дәрігер-невропотолог
Оразбаева Шара - медбике