2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, тасқын суды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету, жайылмалар мен негізгі су қоймаларын суға толтыру және 2007 жылғы көктемгі лайсан кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың көктемгі су тасқынын залалсыз өткізуді қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аудандық комиссия қосымшаға сай құрылсын.
Тармақ 2
2. Тасқын суға қарсы комиссия және ауылдық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) елді мекендердің шаруашылық объектілері мен автокөлік жолдарын қорғау және тасқын суды апатсыз өткізу жөніндегі шаралар әзірлесін;
Тармақша 2
2) жағдайлар туралы ақпараттар жинау мен талдау, оған баға беру және елді мекендерді, өндірісті ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды су басу фактілеріне жол бермеу үшін шаралар алатын оперативтік топтар құрсын;
Тармақша 3
3) тасқын су кезінде тәулік бойы кезекшілік қойылсын, күн сайын аудандық комиссияға 21035, 21733, 22058 телефондары бойынша жағдай хабарланып отырылсын;
Тармақша 4
4) көпшілік пайдаланатын автокөлік жолдарындағы қауіпті учаскелер ұдайы бақылауға алынсын.
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Н.Наурзалиев) су жүру кезеңінде қозғалысқа қауіпті учаскелерде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы дер кезінде шаралар алсын.
Тармақ 4
4. «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жәнібек аудандық пайдалану учаскесіне (Н.Жұмағалиев) су тораптарын, су қоймаларын, магистралді және басқа да каналдарды дайындау жөніндегі инженерлік-техникалық шараларды іске асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім беру (Қ.Қадыралиев), мәдениет және тілдерді дамыту(Д.Құсайынов) бөлімдері мен аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Т.Мұсағалиев), «Батыс Қазақстан әлектр желілерін таратушы компаниясы» ашық акционерлық қоғамдығының Жәбек аудандық электроторабы (Е.Дүйсекенов), «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының Жәнібек аудандық газ пайдалану учаскесі (А.Уәлиев) және аудандық телекоммуникация торабына (М.Айтенов) ауданда орналасқан өздерінің ведомстволарына қайратын объектілерді су тасқыны кезінде болатын зақымданудан қорғау жөніндегі әзірлік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Ауылдық округтер әкімдері мен аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Т.Мұсағалиев) тасқын су алдында стационарлық емделуді қажет ететін ауруларды анықтап, оларды дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізу шараларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия осы жылдың наурыз айының 15 күніне дейін кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізіп, болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін жану-жағар май қорын әзірлесін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Менеевке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы 2007 жылдың 15 наурызынан бастап күшіне енгізілсін. Келісілді: Аудандық телекоммуникация Торабының бастығы М.К.Айтенов Келісілді: «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ашық акционерлік қоғамдығының Жәнібек аудандық электроторабының бастығы Е.Н.Дүйсекенов Келісілді: «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жәнібек Аудандық пайдалану учаскесінің бастығы Н.Ұ.Жұмағалиев Келісілді: Аудандық аумақтық медициналық Бірлестігінің бас дәрігері Т.Қ.Мұсағалиев Келісілді: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.М.Наурзалиев Келісілді: «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының Жәнібек аудандық газ пайдалану Учаскесінің бастығы А.М.Уәлиев
Басқа 14. Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 21 ақпандағы «2007 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы» №41 қаулысына қосымша Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы Менеев Қазбек Абдолғазезұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Жұмағалиев Нұрболат Ұлданұлы - «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жәбек аудандық пайдалану учаскесінің бастығы (келісім бойынша;) Хабиев Еділ Бұланайұлы - аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы кқлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы. Айтенов Мейрамбек Кеңесұлы - аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша); Әмірғалиев Төлеген Жазитұлы - «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы (келісім бойынша); Дүйсекенов Ерсайын Насихұлы - «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ашық акционерлік қоғамдығының Жәнібек аудандық электроторабының бастығы (келісім бойынша); Есенбаев Талғат Ситекұлы - аудандық №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Қадыралиев Қабиболла Бисенғалиұлы - аудындық білім беру бөлімінің меңгерушісі; Хажғалиев Хабдолкәкім Хажғалиұлы - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі; Қапаев Қабдреш Қапайұлы - «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы (келісім бойынша); Кәрімов Аман Бақытұлы - жол полициясының аудандық мемлекеттік бас инспекторы (келісім бойынша); Мұсағалиев Тимур Қапезұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің бас дәрігер (келісім бойынша); Наурзалиев Нұрғалиев Мергенұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Өтебалиев Едіге Әбетұлы - аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси» газетінің редакторы; Өтемісов Рауль Айболатұлы - Жәнібек ауылдық округінің әкімі; Уәлиев Амангельді Мырзағалиұлы - «Оралоблгаз» акционерлік қоғамының Жәнібек аудандық газ пайдалану учаскесінің бастығы (келісім бойынша).