2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М.Г.Ғабдушев) Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті шақыру туралы жарлығына сәйкес, шақыру күніне 18-ге толған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жоғары жастағы ер азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан ішінде мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімді әскерге жөнелтсін.
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін. (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Переметный (А.Р.Тугушев) және Дариян (Е.Б.Тоқсанов) аумақтық медициналық бірлестіктері (бұдан әрі-АМБ):
Тармақша 1
1) Медициналық комиссияны медициналық-санитарлық жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) Шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерін және емделуін қамтамасыз етсін. Осы мақсатқа қажетті орындарын бөлсін;
Тармақша 3
3) Медициналық комиссия құрамы білікті, тәжірибелі маман – дәрігерлермен, қажетті мөлшерде медбикелермен қамтамасыз етіп, бұйрық шығарсын. Бұйрықтың көшірмесін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жолдасын.
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөлімі (бұдан әрі -АІІБ) (Б.С. Аймурзин), Приуралполиция бөлімінің басшысы (Ш.К.Айтқалиев):
Тармақша 1
1) Тіркеу кезінде шақыру учаскелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Шақырудан жалтаратын адамдарды аңықтау және іздестіру бойынша шаралар алсын;
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.П. Чирова) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша көктемгі және күзге шақырудың бүкіл кезеңіне қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді бөлсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтурдің әкімдеріне, меншік түрі мен ведомстволық бағынушылығына қарамастан кәсіпорын және ұйым басшылары шақырылушылардың шақыру комиссиясына және облыстық жинақтау пунктіне дер кезде келуін қамтамасыз ету, шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Медициналық комиссияны өткізу кезінде 2004 жылы запасқа шығарылған әскери міндеттілердің қайта куәландыруы өткізілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.К.Шохинаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы шақырудың қорытындысы туралы ақпаратты аудан әкімдігіне 2007 жылдың 1-шілдесіне және 30-желтоқсаны тапсырсын.
Тармақ 9
9. 2006 жылғы 30 маусымдағы № 26 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің «2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2006 жылғы 2 маусымдағы № 213 тіркеу 2006 жылғы 9 маусымдағы № 7-7-31 қаулысы жойылды деп танылсын.
Ескертусіз келісілген
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы:
Подполковник М. Ғабдушев 6.03.2007 ж.
Ескертусіз келісілген
Переметный аумақтық медициналық
Бірлестік директоры: А. Тугушев 6.03.2007 ж.
Ескертусіз келісілген:
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:
Подполковник Б. Аймурзин 6.03.2007 ж.
Ескертусіз келісілген:
Аудандық жұмыспен қамту
Және әлеуметтік бағдарламалар
Бөлімі бастығы Е. Чирова 6.03.2007 ж.
Басқа 15. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
№ 1 қосымша
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 11 наурыз
№ 90 қаулысымен бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мадьяр Ғапарұлы Ғабдушев - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы;
Армат Амангелдіұлы Байгазиев - комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Юрий Александрович Гуляев - резервтегі комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
Мұрат Отарбайұлы Кереев - комиссия мүшесі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Вера Михайловна Савельева - комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрайымы;
Надия Абриковна Ахметова - комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрайымы;
Надежда Яковлевна Ищенко - комиссия хатшысы;
Қамия Төребекқызы Жулаева - комиссия хатшысы.