Қолданыстағы ред. 01.03.2007

2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 01.03.2007 г. № 85 (2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы)

0

2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына, 19, 20 және 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімне (Е.Кабиров) /келісім бойынша/ 2007 жылдың сәуір – маусым және қазан – желтоқсан айлары аралығында шақыру күндеріне 18 жасқа толған, сондай-ақ кейінге қалдырылған мерзімдері өткен 1980 – 1989 жылы туған азаматтарды әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскери қатарына жөнелту ұсынылсын.

2

2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін және әскер қатарына алынушы жастарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен облыстық жинақ пунктіне Орал қаласына жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлсін.

4

4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Шакуов) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.

5

5. Казталов ауданының Казталов аймақтық медициналық бірлестігі (А.Абдолов) Казатлов ауданының Жалпақтал аймақтық медициналық бірлестігі (Е.Рабаев) /келісім бойынша/

1

1) шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер – мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз етсін;

2

2) шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткізсін;

3

3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орын бөлінсін.

6

6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Абатов) /келісім бойынша/

1

1) шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тіртіпті сақтауын қамтамасыз етсін;

2

2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы топ құрсын.

7

7. Аудандық қаржы бөлімі (Т.Каюпов) азаматтарды мерзімді әскери құзметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қарадатын бөлсін.

8

8. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (Е.Кабиров) /келісім бойынша/ шақырудың барысы туралы аудан әкіміне дер кезінде мәлімдеп, қорытынды ақпаратты 2007 жылдың 10 шілдесіне және 2007 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.

9

9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.

10

10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кеін күшіне енеді.
Келісілді: Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Абатов Нұрлан Жүнісұлы
Келісілді: Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Кабиров Ерлан Рысқалиұлы
Келісілді: Казатлов аудандық Казатлов аймақтық медицина бірлестігінің директоры Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы
Келісілді: Казталов аудандық Жалпақтал аймақтық медицина бірлестігінің директоры Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы

16. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы

Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
1 наурыздағы № 85 қаулысына
қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясы
Кабиров Ерлан Рысқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Өміралиев Қайыржан Мақсотұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Тасболатов Ерсайын Ізбасарұлы - аудандық аурухана дәрігер, медициналық комиссия төрағасы
Ғаббасов Данияр Ғайниұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Бердығалиева Венера Әдиетқызы - медбике, комиссия хатшысы
Каримуллин Асхат Кимұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Жалмұқанов Тұяқ Әмірұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары
Сапахова Гүлнар Мутиғоллақызы - Жалпақтал аймақтық медициналық бірлестігінің жасөспірімдер дәрігер, комиссия төрайымы
Жұбандық Айболат Хамитұлы - Жалпақтал полиция бөлімі бастығының орынбасары
Қисметова Талшын - медбике, комиссия хатшысы