О содействии в трудоустройстве граждан, входящих в целевые группы населения на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы халықтың нысаналы тобына жататын азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 5-бабына сәйкес және әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаждардың жұмысқа қамтылуына көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 5-бабына сәйкес, нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесі басшылыққа алынсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топқа жататын тұлғалар тізбесі келесі санаттағы тұлғалармен толықтырылсын: ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтіндермен.
Тармақ 3
3. Беріліп отырған, халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыздар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың (олардың басшыларының келісімі бойынша) тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауыл және ауылдық округ әкімдері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, нысаналы топқа жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын қарастырсын.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № а-12/202 (Егіндікөл ауданының әділет басқармасында 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1-8-31 тіркелген, аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 1 (149) санында жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының әрекеті 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады
Басқа 9
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 наурыздағы № а-3/64 «2007 жылы халықтың нысаналы тобына жататын азаматтардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету туралы» қаулысымен БЕКІТІЛДІ Халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыздар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың ТІЗБЕСІ № Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы Жұмыс істеушілер саны Жұмысқа орналастыру бойынша тапсырыс Оның ішінде санаттары бойынша 23 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 21 жасқа дейінгі жастар Кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар Барлығы Оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектері 1 2 3 4 5 6 7 8 1 «Целина Агро» ЖШС 114 8 1 1 3 1 2 «Егіндікөл элеваторы» ЖШС 65 5 1 3 Аудандық аурухана 161 9 1 1 4 «Ушаково ЛТД» ЖШС 147 5 1 2 5 «Сарымсақты» ЖШС 92 5 1 6 «Егіндікөл су» МКК 24 5 7 «Агрофирма Аймақ» ХК ЖШС 347 11 1 1 8 «Қоржынкөл А» ЖШС 38 2 ЖИЫНТЫҒЫ 988 40 1 1 7 6 кестенің жалғасы Қа­ра­ма­ғын­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­ры бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен үне­мі қам­қор­лық­ты, кө­мек­ті неме­се ба­қы­ла­уды қа­жет ете­тін тұ­лға­ла­ры бар аза­мат­тар Зей­нет жа­сы­на дей­ін­гі тұ­лға­лар (жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­нет­ке шы­ғу­ға екі жыл қал­ған­дар) Мү­ге­дек­тер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қа­ру­лы кү­ш­те­рі­нен боса­ған тұ­лға­лар Жа­за­сын өтеу орын­да­ры­нан және (неме­се) мәж­бүр­лі ем­де­ту­ден боса­ған тұ­лға­лар Орал­ман­дар Ұзақ уа­қыт бойы (бір жыл­дан ар­тық) жұ­мыс іс­те­мей­тін тұ­лға­лар Аз қам­ты­л­ған­дар 9 10 11 12 13 14 15 16 1 1 1 1 1 1 3 1 1 1 2 1 1 1 1 1 1 1 1 1 5 1 1 1 1 3 1 2 1 3 14 6