О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19-1 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңінде ауданының экономикасы мен инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың сақтандыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы Қарабалық ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қарабалық ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру аудандық ведомствоаралық комиссиясын құру және заңға сәйкес Қарабалық аудандық мәслихатының сессиясына бекітуге 2-қосымшаға сәйкес жіберілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтердің әкімдеріне «Қарабалық ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылық көлігі және автомобильдік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 2007 жылдың 20 наурызына дейінгі мерзімге (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) балансында су қоймалары және кәріз сарқынды суларының жинауыш-буландырғышы, бөгетшелер мен бөгеттері бар ұйымдардың басшыларына оларды кезектен тыс тексеру ұсынылсын, авариялық тастауларды болдырмау жөніндегі шаралар қарастырсын, су тасқыны кезеңінде басшылар мен авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілесін, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бірінші кезекте қажетті азық-түлікке, тауарларға сұранысты анықтасын және су тасқыны басталғанша дейін, оларды тасқынға ұшырайтын елді мекендерге жеткізуді ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыс ұйымдастыруын Қарабалық ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. «Қарабалық ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қарабалық ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі іс-шараларының қаржыландыру аудандық бюджетпен қарастырылған қаражат есебінен арқылы 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Қарабалық ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың ЖОСПАРЫ
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 82 қаулысына 1-қосымшасы Қарабалық ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың ЖОСПАРЫ
Бөлім 11
Басқа 12. Қарабалық ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 82 қаулысына 2-қосымшасы Қарабалық ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша комиссиясының ҚҰРАМЫ
Басқа 13. Қарабалық ауданының су тасқынына қарсы кезеңіне іс-шараларды өткізуге шығындардың сметасы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 82 қаулысына 3-қосымшасы Қарабалық ауданының су тасқынына қарсы кезеңіне іс-шараларды өткізуге шығындардың сметасы