2007 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайызы мөлшерінде 2007 жылға арналған мүгедектер үшін 145 жұмыс орнына квота бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.