Қолданыстағы ред. 20.12.2006

Балқаш ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы от 20.12.2006 г. № 46-195 (Балқаш ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы)

0

Балқаш ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының бюджеттік қодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуликасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «2007 жылға арналған Республикалык бюджеті туралы» Заңдарына сәйкес, Балқаш аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2007жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:

1

1) Kipicтep 1075948 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдер бойынша 221680 мың теңге;
салықтыққа жатпайтын түсімдер 2661 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 3487 мың теңге;
Ресми трансферттердің түсімдері бойынша 848120 мың теңге, соның ішінде:
Ағымдағы мақсатты трансферттер 171512 мың теңге, соның ішінде:
еңбек ақыға 94847 мың теңге;
тестілеу пунктеріне баларды тамақтандыру және алып келіп, алып кетуге 681 мың теңге;
физика, химия, биология кабитенеттерін жарақтандыруға 8460 мың теңге; жалпы білім беру штаттарының қызметін қамтамасыз ету 31959 мың теңге; лингофонды және мультимедиалық кабинеттерді ашуға 4874 мың теңге; жалпы білім берудің интернет жүйесіне қосуға 1558 мың теңге;
жалпы білім беру ұйымдары үшін оқулықтарды сатып алуға 3300 мың теңге;
18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 22823 мың теңге; мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес 593 мың теңге;
мемлекеттік басқарудың функцияларын бөлуге 24170 мың теңге;
Мақсатты даму трасферттері 228531 мың теңге, соның ішінде;
сумен жабдықтау жүйесін дамыту 61578 мың теңге;
білім объектілерінің құрылысына 166953 мың теңге;
субвенцияларға 448077 мың теңге.

2

2)Шығындар 1075948 мың теңге;

2

2. 2007 жылға арналған аудан бюджетіне төмендегі түсімдер ескерілсін:
аудан бюджетіне есептелетін сомалары ескермегенде, жеке табыс салығы; аудан бюджетіне есептелетін сомалары ескермегенде, әлеуметтік салық; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер.

3

3. 2007 жылға аудан бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтардан кірістерді бөлу нормативтері төмендегі көлемде белгіленсін:
жеке табыс салығы -100 %
әлеуметтік салық - 100 %
4. Аудан бюджетіне төмендегі түсімдер ескерілсін:
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық.

5

5. 2007 жылға аудан бюджетіне берілетін субвенция көлемі 448077 мың теңге сомасына белгіленсін;

6

6. Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру үшін аудан бюджетіне бөлінетін мақсатты трансферттер 50832 мың теңге көлемінде қарастырылсын, оның ішінде:
мемлекеттік жалпы білім беру объектілерінің типтік штатын ұстауға 31959 мың теңге;
тестілеу пунктеріне оқушыларды әкелу, олардың тұруы, тамақтануын ұйымдастыру 681 мың теңге;
мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінің интернетке қосылуы және оның төленуіне 1558 мың теңге;
мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдарды сатып алуға 3300 мың теңге; мемлекеттік жалпы орта білім мекемелерінде лңнгофон және мультимедия қабинеттерін жабдықтауға 4874 мың теңге;
физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдармен жабдықтауға 8460 мың теңге.
7. Табысы аз отбасыларында 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 3 қосымшаға сәйкес 2007 жылға республикалык бюджеттен 22823 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10374 мың теңге сомасында аудан бюджетіне мақсатты трансферт көзделсін;
8. Аудан бюджетіне жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектерді арнайы тазалық
құралдарымен және қимылмен түсіндіретін мамандармен, жеке көмекшілерімен қамтамасыз етуге 4 қосымшаға сәйкес республикалық бюджет есебінен 593 мың теңге;

9

9. Мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметтер емес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы төлеуге аудан бюджетіне 5 қосымшаға сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 94847 мың теңге;

10

10. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға аудандық бюджетіне 6 қосымшаға сәйкес берілетін нысаналы трансфер 2417 мың теңге;

11

11. Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға аудан бюджетіне 7 қосымшасына сәйкес берілетін нысаналы даму трансферттер 61578 мың теңге;

12

12. Білім беру объектілерін салуға аудан бюджетіне берілетін нысаналы даму трансферттері 8 қосымшасына сәйкес 166953 мың теңге;

13

13. Аудан бюджетінен төмендегіні ұстауға қаржы бөлу көзделсін:
өкілетті атқарушы органдарды және жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулерге 102022 мың теңге сомасында;
қорғанысқа 280 мың теңге сомасында;
білім мекемелеріне 765744 мың теңге сомасында;
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 71262 мың теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 76368 мың теңге сомасында;
мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке 28221 мың теңге сомасында;
ауыл, су, орман, балық шаруашьшығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына 8961 мың теңге сомасында;
өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 5184 мың теңге сомасында;
көлік және коммуниқацияға 5000 мың теңге сомасында;
басқаларға 12906 мың теңге сомасында;

14

14. Балқаш аудандық әкімдігіне өкілетті, атқарушы органдарды және мемлекеттік басқару органдардың штат санының лимитін, сондай-ақ қызметтік жеңіл автокөлік лимитін аудан бойынша анықтасын;
қызмет көрсету бойынша қаржыландыруды жергілікті деңгейде есеп-шоттары арқылы атқарсын;

15

15. Аудан әкімі, Балқаш ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы бюджеттің салықтар мен төлемдер бойынша болжамдағы көрсеткіштерінің орындалуын, шаруашылық субъектілерінің барлық деңгейдегі бюджет қарызын азайтуды және қосымша кіріс көздерін табуды қамтамасыз етсін.

16

16. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: