О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2007 года Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
Казақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына сәйкес және төтенше жағдайларды болдырмау, көктемгі су тасқыны кезеңінде ауданның экономикасы мен инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары бекітілсін (қосымша беріледі).
Тармақ 2
2. Су таскыны аумағында қалатын мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына төтенше жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қарастыруды, су тасқыны өтетін кезеңде басшылар мен апаттық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілеуді, оларды қажетті механизмдермен және материалдармен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс берілсін.
Тармақ 3
3. Село және селолық округтерінің әкімдері су тасқындарға ұшырайтын елді-мекендерге осы мерзімге қажет болатын азық-түлік пен ең бірінші қажет болатын тауарлар мен олардың қорын анықтасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары С.И.Досмұхамедовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Әкімдіктің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 112 «2007 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» қаулысы жойылсын.
Басқа 7. 2007 жылғы су тасқынына карсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Әкімдіктің
2007 жылғы 16 наурыздағы
№ 130 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2007 жылғы су тасқынына карсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ