Қолданыстағы ред. 15.03.2007

Шақыру жасындағы азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 15.03.2007 г. № 531 (Шақыру жасындағы азаматтарды 2007 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы)

0

Шақыру жасындағы азаматтарды
2007 жылғы көктемде және күзде
мерзімді әскери қызметке кезекті
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1-қосымшаға сәйкес қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы құрылсын және бекітілсін. Қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссиясы құрылсын.

2

2. Шақыру комиссиясының жұмысы 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда өткізілсін.

3

3. Шақыру комиссиясы Орал қаласында тұратын, мерзімді әскери қызметтен босатуға немесе шақыру мерзімін шегеруге құқы жоқ, 1989 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ шақыру мерзімін шегеру құқынан айырылған жасы үлкен азаматтарды шақырып, мерзімді әскери қызметке аттандырсын.

4

4. Шақыру пункті Орал қаласы, Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының 11 қабатында ұйымдастырылсын.

5

5. Шақыру комиссиясының төрағасы (Д.Ж. Ғалеев) Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі талаптарын орындауда шақыру комиссиясының толық кұрамда жұмыс істеуін қамтамсыз етсін.

6

6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшылары:

1

1) шақырушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес дәрігер мамандар және орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін;

2

2) аталған дәрігерлер мен медбикелер ауырып қалған жағдайда олардың дәл сондай маманмен алмастырылуын ұйымдастырсын;

3

3) мерзімді әскери кызметке шақырылатын азаматтардың 100 пайыз тегін флюрографиялық тексеруден өтуін, қан тобы мен ЖҚТБ-ге реакциясын анықтау үшін анализ алынуын, жүректері электрокардиограммаға түсірілуін, шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелері негізінде жалпы клиникалық анализ өткізілуін қамтамасыз етсін;

4

4) стационарлық және амбулаторлық тексеруді өткізу және кеңес беру үшін қаланың емдеу медициналық мекемелерінде 2 - қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін;

5

5) шақыру комиссиясы тексеруге жіберген шақырушыларды дәрігерлер кезектен тыс қабылдасын.

7

7. Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына шақырушылардың шақыру учаскесінде жеке шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын. Іссапардағы немесе демалыстағы шақырушылар кері шақырылсын және олардың шақыру учаскесіне келуі қамтамасыз етілсін.

8

8. «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Е.М. Абулхатин) шақыруды дайындау және өткізу мерзіміне Орал қаласының шақыру учаскесіне техникалық және қосалқы қызметкер ретінде есептегі жұмыссыздар қатарынан 45 адам бөлсін.

9

9. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Т.Х. Рахметов) тәртіпті қамтамасы ету, шақыруды және шақырушыларды аттандыруды ұйымшылдықпен өткізу үшін:

1

1) Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2007 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін полиция нарядын бөлсін;

2

2) Әскери міндетті атқарудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіріп, ұстасын.

10

10. Аталған шараларды орындауға байланысты шығындар облыстық бюджеттен Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бөлінген қаржы есебінен өтелсін.

11

11. Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 401 «Шақыру жасындағы азматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» (2006 жылғы 3 сәуірдегі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-38 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15 «Жайық үні», 2006 жылғы 6 сәуірдегі №14 «Пульс города» газеттеріңде жарияланған) қаулысы күші жойылған деп танылсын.

12

12. Аталған қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден күшіне енеді.

13

13. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Е.Р. Мұкаев пен Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Д.Ж. Ғалеевке жүктелсін.
Келісілді:
Батыс Қазақстан облысының
Денсаулық сақтау департаментінің
директоры М.Арыстанғалиев
«14» 03. 2007 ж.
Орал қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы бастығы
Д.Галеев ______________
«14» 03. 2007 ж.
«Медициналық орталық» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі директоры
Р.Истаев ______________
«14» 03. 2007 ж.

21. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

Орал қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 15 наурыз
№ 531 қаулысымен
1-қосымшасы бекітілді
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Данияр Жақсылықұлы Ғалеев – Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Қайрат Мұхаметұлы Ақболатов - Орал қаласының әкімі аппаратының басшысы, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Жангельді Хамзейұлы Даулетқалиев – Медициналық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, дәрігер (шарт бойынша)
Жібек Қабдырахымқызы Құнарова – «№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның медбикесі, шақыру комиссиясы хатшысы (келісім бойынша)
Алексей Викторович Шарков – Орал қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары – орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
Медициналық әскерге шақыру комиссия төрағасының орынбасары – медбике (шарт бойынша)
Комиссия мүшелері – қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Қалалық дәрігерлік комиссияның
құрамы
Маман дәрігерлер:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколог
Невропатолог
Тері венеролог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинголог
Терапевт
Психиатр
Фтизиатр
Дәрігер – хирург медбикесі
Көз дәрігері – медбикесі
Дәрігер – терапевт медбикесі
Дәрігер – отоларинголог медбикесі
Дәрігер – рентгенолог медбикесі
Дәрігер – психиатр медбикесі
Дәрігер – нарколог медбикесі
Тіс дәрігері – медбикесі
Дәрігер – невропотолог медбикесі
Дәрігер – дерматолог медбикесі
Дәрігер – фтизиатр
Медбике – хатшы
Медбике

22. Әскерге шақыру кезінде стационарлық және амбулаторлық тексеруді өткізуге орындар бөлінген емдеу – медициналық мекемелерінің тізімдері

Орал қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 15 наурыз
№ 531 қаулысымен
2-қосымшасы бекітілді
Әскерге шақыру кезінде стационарлық және амбулаторлық тексеруді өткізуге орындар бөлінген емдеу – медициналық мекемелерінің тізімдері
«№1 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Облыстық тері-венерологиялық диспансер» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық наркологиялық диспансер» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесі
«Батыс-Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік мекемесі
«Медициналық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі