Об утверждении порядка оказания жилищной помощи на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға арналған тұрғын үи жәрдемақысын беру тәртібін бекіту туралы
Казақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй катынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, 2007 жылғы 5 наурыздағы Денисов ауданы әкімдігінің № 111 «2007 жылға арналған тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібінің жобасын Денисов аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы» қаулысын қарап Денисов аудандык мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2007 жылға арналған тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Денисов аудандық мәслихатының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 15 «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) баспанасын ұстау (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық кызметтерді пайдалғаны үшін төлемін төлеу мақсатта көмек көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» (мемлекеттік нөмірі 2099, 2003 жылдың 12 сәуіріндегі № 12 «Наше время» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саласының дамуы, құқық және заңдылық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жариялаған күннен 10 күнтізбелік күн кейін күшке енеді.
Басқа 5. 2007 жылға арналған тұрғын-үй жәрдемақысын беру тәртібі
Мәслихаттың
2007 жылғы 7 наурыздағы
№ 14 шешіміне қосымша
2007 жылға арналған тұрғын-үй жәрдемақысын беру тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын-үй жәрдемақысы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы 20 пайызы нормативтер шегінде коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау төлемі аспайтын отбасыларға баспана ұстау және коммуналдық қызметтері үшін төлем ретінде «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - уәкілетті орган) аркылы беріледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын-үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын-үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын-үй жәрдемақысы табысы аз санатына кіретін, Денисов ауданы аумағында тұрақты тұратын, отбасының (азаматтың) жиынтық табысы 20 пайызы нормативтер шегінде коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау төлемі аспайтын отбасыларға және тұрғын үйдің иелері болып табылатын жалға алушылар) жекеменшік тұрғын үйден басқа азаматтарға беріледі.
Тармақ 3
3. Иелігінде баспанасы бір бірлігінен көп отбасылар (азаматтар) немесе тұрғын жайларды жалға (арендаға) берушілер тұрғын-үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Егер де отбасында еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, окымайтын, әскерде емес және әлеуметтік қорғау органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген адамдар болса, ол отбасылардың тұрғын-үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
Айрықшалық ретінде:
Тармақша 1
1) мүгедектерге қарап жүрген тұлғалар (негізі - медициналық қорытынды), асыраушысы жоқ болуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы алатын тұлғалар, 3 топтағы мүгедектер;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша, 7 жасқа дейінгі балаларға қарап жүрген тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасына дейін балалары бар аналар және жаңа туған нәрестені асырап алған әйелдер (еркектер) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңына сәйкес үш жасқа дейін балаға қарау үшін жұмыс орындарында еңбекақы төленбейтін демалысқа шыққан, немесе олардың орындарын басқандар;
Тармақша 4
4) көп уақыттан бері туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаторлық емдеуде тұрған тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқындар статусы бар тұлғалар, шетелдіктер, Қазақстан Республикасында тұрақты мекендеген, азаматтығы жоқ тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жасқа дейін балалары бар, бірақ жұмыс істемейтін, босанғанша әлеуметтік қамту органдарында есепте тұрмаған әйелдерге беріледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
3. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындау мерзімде мынадай нормалар есепке алынады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне -18 шаршы метр
Тармақша 2
2) жалғыз басты адамдарға - 18 шаршы метр оған қоса 9 шаршы метр, бір бөлмелік пәтерден кем емес.
Жәрдемақыны тағайындау объектісі болып, ауданның коммуналдық кәсіпорындарымен берілетін, нормативтік көлемі шегінде, отбасынының пайдаланудағы тұргын жай табылады:
пәтерақысы (тұргын үйді пайдалану жөніндегі шығындар);
жылыту;
суық су, бір адамға норма бойынша;
канализация, бір адамға норма бойынша;
электронэнергия, бір адамға 50 киловаттан аспау тиіс;
бір адамға нормалар бойынша табиғи газ пайдаланғанда, ал баллондық газ пайдаланғанда бір адамға 6,7 килограмм аспау тиіс.
Баспана ұстау мен коммуналдық қызметтері үшін төлемақы осы ережелерде белгіленген нормадан жоғары болса, төлеу жалпы негіздербойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жан басына шаққанда табысы 9752 теңгеден аспайтын, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатпен, 22 пайыз көлемінде баспана мен коммуналдық қызметтер үшін шығыстар шегінде нормасы алынады.
Тармақ 7
7. Отбасының бір мүшесі баланың қамқоршысы болып табылатын отбасыларында, ата-аналар табысы жиынтық табысына кірмейді.
Тарау 4. 4. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындауға азаматтардың өтініш жасау мен ол үшін деректер базасын қалыптастыру тәртібі
4. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындауға азаматтардың өтініш жасау мен ол үшін деректер базасын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 8
8. Тұргын-үй жәрдемақысын алуға үміткер уәкілетті органға мыналарды сыру тиіс:
тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі өтініш;
жұмыс істейтін азаматтар үшін өткен тоқсандағы еңбекақысы туралы анықтама;
некеге тұрғаны немесе некені бұзғаны туралы куәлік немесе некені бұзу туралы соттың шешімі;
қозгалмайтын мүлігі бар болуы туралы анықтама, жылына бір рет;
азаматтарды тіркеу кітабының немесе тұрғындарды есепке алу кітабының көшірмесі;
зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 9
9. Азаматтар тоқсан сайын уәкілетті органға тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш жасайды. Азаматтар тоқсан ішінде тіркеуден себепсіз өтпеген жағдайда тұрғын-үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады. Отбасының құрамындағы өзгеріс туралы, 10 күн мерізімнде хабарламаған болса азаматтарға, түрғын-үй жәрдемақысын беру тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақыны тағайындау аудандық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомасы шегінде уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
5. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептегенде өткен тоқсандағы табыстар есепке алынады.
Тармақ 12
12. Жәрдемақы ағымдағы толық тоқсанға беріледі. Азаматтардан өтініштер тоқсан ішінде алынады.
Тармақ 13
13. Тұрғын-үй жәрдемақысының мөлшері баспана ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтынғаны үшін төлемдер мен осы Тәртібінің 5 тармағында көрсетілген нормалары айырмашылығы бойынша және осы отбасының табыстар деңгейінің шегінде есептеледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын-үй жәрдемақысын есептегенде отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына жеке қосалқы шаруашылығының және дачалық учаскелерден тапқан табыс кірмейді.
Тармақ 15
15. Тұрғын-үй жәрдемақысын тағайындауын үміттенген азаматтар жалған ақпаратты берген болса, күнтізбелік жыл бойы жәрдемақыны алуға құқығын жоғалтады.
Заңсыз алынған тұрғын-үй жәрдемақысының сомасы өз еркімен қайтарылады, егер одан бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтып алынады.
Тарау 6. 6. Тұрғын-үй жәрдемақысының төлеу механизмі
6. Тұрғын-үй жәрдемақысының төлеу механизмі
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган есептелген тұргын үй жәрдемақысы туралы жиынтық ведомость жасайды, ол «Денисов ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне беріледі.
Тармақ 17
17. «Денисов ауданының қаржы бөлімі» жиынтық ведомоста көрсетілген тұргын-үй жәрдемақысы сомасы шегінде уәкілетті органды қаржыландырады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган тұрғын-үй жәрдемақысының сомасын тұрғын-үй жәрдемақысын алушылардың жазбаша арыз бойынша қызмет көрсетулерді жеткізушілер шотына коммуналдық кәсіпорынның адресіне аударады.
Тармақ 19
19. Коммуналдық және эксплуатациялық қызметтерді жеткізушілер түскен соманы жәрдемақы алушылардың жеке шоттарына аударады.