Об определении объектов для отбывания уголовного наказания в виде привлечения к общественным работам в Качирском районе на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Качир ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы қылмыстық жазаларды өтеп шығаға арналған объектілерді белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 208-1 қылмыстық – атқару кодексінің 30 – бабы 1 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы «Қоғамнан оқшау ұстаумен байланысы жоқ жазаларды орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 151 бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыл округтерінің әкімдері қылмыстық – атқару инспекциясымен келісім бойынша, 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарату арқылы қылмыстық жазаларды өтеп шығу үшін ауданның тиесілі ауыл округтерінде объектілерді белгіленсін.
Тармақ 2
2. Еңбек ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Качир ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі орындалған жұмыстарды аудандық бюджеттен қаржыландыруды көздесін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Н.Қайыржановқа жүктелсін.