О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2007 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2007 жылға біржолғы материалдық комек беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексіне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының III шақырылған кезектен тыс XXXIV сессия) 2007 жылғы 24 қаңтардағы Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезекті XXXII сессия) 2006 жылғы 20 желтоқсандағы "Екібастүз қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы" №т 407/32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 415/34 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, әрі ауылдық округ тұрғындарының жеке шаруашылығын нығайту үшін қаражаттың жеткіліксіздігін ескере келіп, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық округтерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі- Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алуға Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылары) құқылығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жеке шаруашылығын дамытуға біржолғы материалдық көмек алу үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеумеітік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген отбасының мәртебесін растайтын анықтама; 3 )отбасы құрамы туралы тұрғылықты жерінен анықтама;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірін (көшірме);
Тармақша 5
5) жеке куәлігін (көшірме);
Тармақша 6
6) «Қазпошта» акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі есеп шотының нөмірін;
Тармақша 7
7) ауылдық округ жұртшылығының жеке шаруашылыгын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі жиналысының хаттамасын тапсыру қажет.
Тармақ 4
4. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың 2007 жылға арналған бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орьтндалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. 0сы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енеді.