О порядке отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылга
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 18-1 баптарына сәйкес халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін және бекітілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс беруші жұмыс түрлері мен ауқымын, мөлшері мен еңбек шартын көрсете отырып, "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырыс береді;
Тармақша 2
2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Арыстанов):
комиссияның қарауына құжаттар дайындауды іске асырады;
нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды, соның ішінде жастар тәжірибесінен өту үшін қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында өлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерге одістемелік көмек көрсетеді;
комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру
шартын, оларға жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәртібін
анықтайтын және қаржыландыратын ұйымдарды ұсынатын жұмыс
берушілермен келісімшарт жасайды;
әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін Іріктеуден өткен жұмыссыздарды ұйымдар мен кәсіпорындарға жібереді;
келісімшарт шартының сақталуына бақылау жасауды іске асырады.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді жәәне 2007 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қүқықтық қатынаста таратылады.