Об организации общественных работ на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" №836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларьша сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламамар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін өңір ұйымдарында және кәсіпорындарында уақытша жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қатыстырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасында көрсетілген жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін құнды ұсыныстардың және өткізілген тендердің қорытындысы бойынша анықталсын.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатыстырылу мерзімі он екі айға дейін белгіленсін.
Тармақ 5
5."Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламамар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен жұмыс берушілер арасында келісім шарттарды жасарда қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың тәртібі мен шарттары реттелсін.
Тармақ 6
6. Әкімдіктің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 63/2 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ( мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеуінің тізілімнде № 12-3-55 тіркелген,
2006 жылдың 25 мамырында № 21 "Вести Экибастуза" және "Отарқа" газеттерінде жарияланған) № 322/6 қаулысымен өзгерістер енгізілген, ;«Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеуінің тізілімінде № 2892 тіркелген, 2005 жылдың 3 наурызында ; № 9 "Вести Экибастуза" және "Отарқа" газеттерінде жарияланған) № 63/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. 0сы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынаста таратылады.