О возмещении затрат за проезд на общественном пассажирском транспорте отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2007 год Қолданыста
Басқа 0
2007 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде
жол жүру шығындарын өтеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 6 ақпандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының Паспорттарын бекіту туралы" № 935/12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 57/2 қаулысын, сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімінің 2005 жылғы 29 наурыздағы «Полицияға жәрдемдесетін студент жастардың жедел құрама отрядының қызметін ұйымдастыру туралы" (2005 жылғы 4 сәуірдегі МТН 2974) № 23 шешімін орындауда, әрі қала азаматтарының жекеленген санатына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлігінде билет құнының 50% көлемінде келесі санаттағы азаматтарға жеңілдікпен жол жүру құқығы белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) 3 топтақы мүгедектер;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар; және полицияға жәрдемдесетін студент жастардың жедел құрама отрядының
мүшелері тегін жол жүруге құқылы.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетілген азаматтарға тегін және жеңілдікпен жол жүру құқын бекіту үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 2
2) 3 топтағы мүгедектер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар үшін-"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келісім бойынша), көп балалы аналардың мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатынын растайтын анықтама;
Тармақша 4
4) полицияға жәрдемдесетін студент жастардың жедел қүрама отрядының мүшелері үшін-Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімінен мәртебесін растайтын куәлік.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (С.Ә.Арыстанов), «Екібастұз қаласы әкімдігінің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар колігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемелері (В.В.Воронков) «Екібастұз қаласы әкімдігінің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесініің «Екібастұз диспетчерлік қызмет орталыгы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (А.М. Қуатов), әрі қоғамдық жолаушылар колігімен жолаушылар тасымалын іске асыратын кәсіпорындармен (бүдан әрі-Кәсіпорындар) (келісім бойынша) бірлесіп, айына бір рет қоғамдық жолаушылар көлігінің бағыттарында азаматтардың жекеленген санаттарының жолаушылар ағынына мониторингты іске асырсын.
Тармақ 4
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі (В.В.Воронков), "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімі" мемлекеттік мекемесіне пайыздық қатынаста Екібастұз қаласының қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр кәсіпорынның қатысуы туралы мәлімет берсін.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімі» мемлекеттік мекемесі ( С.Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар колігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы Кәсіпорындармен келісім шарт жасасын;
Тармақша 2
2) Есеп айыруды құру:
Кәсіпорындарға азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын осы қаулының 4-тармағына сәйкес әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы мәліметі бойынша өтеу;
Тармақша 3
3) Кәсіпорындарға шығынды өтеу осы каулының 5 тармағыныц 2 тармақшасында көрсетілген есеп айыру негізінде жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді және 2007 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынаста таратылады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары Ғ.Ш.Балтабековаға және С.М. Көшімбаевқа жүктелсін.
Келісілді:
Екібастұз қалалық ішкі істер,
бөлімінің бастығы
2007 жылғы «13» 03
С. Ергебаев