Об организации общественных работ в Шортандинском районе в 2007 году Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7, 20 баптарына, Үкіметтің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 7, 8 тармақтарына сәйкес жұмыс табуда қиындық көріп отырған жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмысқа орналастыру мақсатында сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Селолық округтерінің, Шортанды, Жолымбет, Научный кенттерінің әкімдері Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемелермен (әрі қарай - ММ) бірлесе 2007 жылы ауданда жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар өткізсін.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тізбе қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ халықты және ауданның кәсіпорындары мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу және жалақы төлеу тәртібі туралы ақпар.ат беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттің қаражаттарынан іс жүзінде орындалған жұмыс үшін 2007 жылға даңмен белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінде жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің «2006 жылы Шортанды ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 17 наурыздағы №А-2/56 Шортанды ауданының әділет Басқармасында 2006 жылғы 10 сәуірде № 1-18-18 тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2006 жылдың 13 мамырындағы №19 санында жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ТІЗБЕ
Шортанды ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «26» 03
№А-2/37 қаулысына
қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ТІЗБЕ
Ұйымдар атауы
Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері
жұмыс орындарының саны
орындалу мерзімі
«Шортанды ауданының Дамса селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұрқырларын жөндеу, село аумағын жинау
4
сәуір-маусым
«Шортанды ауданының Елизаветинка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты кардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу село аумағын жинау
2
сәуір-маусым , қыркүйек-қазан
«Шортанды ауданының Казцик селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
7
ақпан-маусым
«Шортанды ауданының Петровка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, ағаш отырғызу, село аумағын жинау
1
маусым-тамыз
«Шортанды ауданының Новокубанка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру
7
сәуір-маусым
«Шортанды ауданының Новоселовка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, гүлзарларды күту, ағаш отырғызу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау, малға жем-шөп дайындау
3
мамыр-шілде
«Шортанды ауданының Пригородное селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Жердің құнарлылығын арттыру жұмыстарына көмектесу, аумақты қардан және мұздан тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру
1
ақпан-сәуір
«Шортанды ауданының Раевка селолық округі әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау
5
наурыз-мамыр
«Шортанды ауданының Научный кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, кент аумағын жинау
1
наурыз-сәуір
«Шортанды ауданының Жолымбет кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, кент аумағын жинау
15
ақпан-қыркүйек
«Шортанды ауданының Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, әр үйге барып, халық санағын жүргізу, су құбырлары коммуникациясын жөндеу, жолдардың шұңқырларын жөндеу, қар қалашығын салу, ағаш отырғызу, аумақты қардан және мұздан тазарту, жердің құнарлылығын арттыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу
51
ақпан-желтоқсан
«Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ (келісімі бойынша)
Шақыру және тіркеуге алу комиссиялары кезінде көмек көрсету
9
қаңтар-ақпан, сәуір-маусым, қыркүйек-қараша
«Шортанды ауданының Андреевка селолық округі әкімі аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты қардан және мұздан тазарту, жолдардың шұңқырларын жөндеу, село аумағын жинау, тұрғындардың ауласын аралау
1
маусым-тамыз
Шортанды ауданының соты (келісімі бойынша)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек
1
ақпан-сәуір
«Шортанды ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ (келісімі бойынша)
Іс қағаздарын жүргізуге көмек
1
сәуір-маусым
«Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынының Ақмола облыстық филиалындағы Шортанды ауданының бөлімшесі (келісімі бойынша)
Зейнетақы істерін түптеу, зейнетақы және жәрдемақыларды қайта есептеуге қатысу
1
ақпан-сәуір