Қолданыстағы ред. 11.12.2006

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы от 11.12.2006 г. № 289-III (2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы)

0

2007 жылға арналған
аудандық бюджет туралы
Аудан әкімиятының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы №177 «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» қаулысын талқылап және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:

1

1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде белгіленсін:

1

1) кірістер – 842 700 мың теңге;
салықтық түсімдер – 436 792 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 3 359 мың теңге;
капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер – 28 438 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері – 175 880 мың теңге;
субвенциялар – 198 231 мың теңге;

2

2) шығындар – 842 700 мың теңге.

2

2. 2007 жылға арналған аудандық бюджет табыстары Бюджеттік кодексіне сәйкес келесідей салықтық түсімдер есебінде жасақталатыны белгіленсін:

1

1) облыстық бюджетке есептелетін сомадан басқа әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және бір реттік талон бойынша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның жеке табыс салығы;

2

2) жеке тұлға, жеке кәсіпкер мен заңды тұлға мүлкі үшін салық;

3

3) жер салығы;

4

4) көлік құралдарына салынатын салық;

5

5) бірыңғай жер салығы;

6

6) акциздер;

7

7) жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

8

8) жеке кәсіпкерлердің тіркелімі үшін жинақтар, жеке түрдегі қызметпен айналасу құқына лицензиялық жинақтар, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркегені үшін, механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің тіркелімі үшін, жылжымайтын мүлік құқығын және онымен мәміле жасауға мемлекеттік тіркелімі үшін төлемдер;

9

9) сотқа берілген талап арыздардан мемлекеттік баж, азаматтық хал актілерін тіркеу үшін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін, тұрғылықты жерге тіркелуге, аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін, азаматтық қаруды тіркеуге және қайта тіркеуге, қаруды және оның оқтары сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат бергені үшін;

10

10) салықтық емес түсімдер:

11

11) мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін төлемдер;

12

12) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер өнімдерін (жұмыс, қызмет) сатудан, жергілікті бюджет қаржыландыратын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден ақша түсімдері;

13

13) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, мемлекеттік мекемелерге дебиторлық және депоненттік бережақтың түсімдері;

14

14) әкімшілік айыппұлдар, төлемақы өсімі, жергілікті мемлекеттік органдар салған жаза, мемлекеттік мекемелерге салған басқа да айыппұлдар;

15

15) басқада салықтық емес түсімдер;

16

16) сатудан негізгі капитал түсімдері;

17

17) жер телімдерін, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктерді сатудан.

3

3. Облыстық мәслихаттын шешімімен Мақат ауданының бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің нормативі 2007 жылға келесідей көлемде бекітілгені қатерге алынсын:

1

1) жеке тұлғадан жеке табыс салығы бойынша төлем көзінен ұстайтыннан – 50 пайыз;

2

2) жеке тұлғадан жеке табыс салығы бойынша төлем көзінен ұсталмайтыннан – 50 пайыз;

3

3) бір реттік талон бойынша, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша – 50 пайыз;

4

4) әлеуметтік салық бойынша – 50 пайыз.

4

4. Облыстық мәслихаттың шешімімен Мақат ауданының бюджетіне берілетін субвенция мөлшері 2007 жылға 198 231 мың теңге болып қаралғаны қатерге алынсын.

5

5. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 51 232 мың теңге, оның ішінде:

1

1) 2-қосымшаға сәйкес орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге – 13 721 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін;

2

2) 3-қосымшаға сәйкес жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға – 37 511 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін;

6

6. 2007 жылға арналғаноблыстық бюджеттен аудандық бюджетке Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 5 913 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.

7

7. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне жалақы төлеуге 108 013 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін;

8

8. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке орта білім жүйесін ақпараттандыру үшін – 4 739 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін;

9

9. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 4-қосымшаға сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетілу үшін – 880 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.

10

10. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 5-қосымшаға сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне – 813 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.

11

11. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 6-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге – 45 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.

12

12. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 7-қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 2 500 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.

13

13. 2007 жылға арналған аудандық бюджет есебінен 7-қосымшаға сәйкес аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 12 582 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.

14

14. 2007 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 8-қосымшаға сәйкес “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер ресурстарын басқару мәселелерін мемлекеттік реттеу саласындағы жекеленген функциялар мен өкілеттіктердің жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілуіне байланысты 1 745 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт және аудандық бюджет есебінен 768 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.

15

15. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының және инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру тізбесі 9-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

16

16. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындалу процесінде қысқартуға жатпайтын аудандық бюджеттің бағдарлама тізбесі 10-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесідей көлемде белгіленсін:

17

17. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Боқаев) жүктелсін.