Об определении перечня предприятий для привлечения лиц, осужденных к общественным работам в 2007 году Қолданыста
Басқа 0
Сотталған тұлғаларды 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорындар тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 30, 33-баптарын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сотталған тұлғаларды 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорындар тізбесі анықталсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Сотталғандардың еңбегін жаза орнына қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде пайдаланушы ұйымдардың басшылары ай сайын қалалық бюджетке орындалған жұмыс үшін қаржы қаражаттарын аударсын. Орындалған жұмыстардың құны ұйымдарда қолданылатын баға көрсеткіштері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Рудный қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 265 «Сотталған тұлғаларды 2006 жылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыруға арналған кәсіпорындар тізбесін анықтау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-43, 2006 жылғы 12 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде № 39 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Қосаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Сотталған түлғаларды 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорындар тізбесі
Рудный қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 278 қаулысына қосымша
Сотталған түлғаларды 2007 жылы қоғамдық жұмыстарға тарту үшін кәсіпорындар тізбесі
Рудный қаласы әкімдігінің "Рахат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Ескерту: жұмыстар мейлінше қарапайым және қандай да бір арнайы дайындықты қажет етпеуі керек (мысалы: аумақты абаттандыру, жайларды жинау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары және тағы басқа). Қогамдық жұмыстар күніне төрт сағаттан аспауы керек.