Об организации социальных рабочих мест в 2007 году по Ерейментаускому району Қолданыста
Басқа 0
«2007 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес нысаналы топтарды қосымша әлеуметтік қорғау шараларын орнату мақсатымен Ерейментау аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімі 2007 жылы кәсіпорындар мен мекемелерде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орнын құрған кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және жұмыс берушінің жартылай өтем шығынынан төленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық экономика және қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орнын 2007 жылғы ауданның әлеуметтік аудандық даму көрсеткіштерінің орта жедел, жоспарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ерейментау аудандық әкімдігінің «2006 жылы Ерейментау аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» 2006 жылдың 13 қаңтар № а-1/5 (Ерейментау ауданның әділет Басқармасында 2006 жылдың 10 ақпанында тіркелген нөмірі №1-9-46 және аудандық «Ереймен» газетінің № 22, 2006 жылдың 22 ақпанында жарияланған) қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді, және аудандық газетте міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Тармақ 7
7. Нақты қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 9
Қосымша 2007 жылдың «4»
сәуірі № а-4/88 Ерейментау
ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№
кәсіпорын атауы
құрылған жұмыс орындар саны
1
«Адал-Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
2
«Акдым-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
3
«Алиби-Павловка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
4
«Артемида» шаруашылығы
3
5
«Благодат-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
6
«ВК-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
7
«Дәрмен» шаруашылығы
4
8
«ДПН» шаруашылығы
2
9
Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Жылусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
7
10
«Еркіншілік элеватор-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
11
«МуСаИмпэкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
12
«Новомарковка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
13
«Сілеті-Аст» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
14
«Толқын бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
15
«Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
16
«Эльбор» өндірістік кооперативі
3
Барлық жұмыс орны
60