Қолданыстағы ред. 14.03.2007

Аманкелді ауданы бойынша 2007 жылғы көктемгі су тасқынына әзірлену және өткізу шаралары туралы от 14.03.2007 г. № 89 (Аманкелді ауданы бойынша 2007 жылғы көктемгі су тасқынына әзірлену және өткізу шаралары туралы)

0

Аманкелді ауданы бойынша 2007 жылғы көктемгі су тасқынына әзірлену және өткізу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 13-бабына сәйкес және төтенше жағдайларды болдырмау, көктемгі су тасқыны кезінде ауданның экономикасы мен инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандағы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шаралар жоспары (1-қосымша) және 2007 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған шығыстардың сметасы (2-қосымша) бекітілсін.

2

2. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары:

1

1) қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының уақытында орындалуын басшылыққа алсын және жергілікті жағдайға байланысты су тасқынынан келетін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында елді мекендерде басқа да кешенді жұмыстар атқарылсын;

2

2) көктемгі су тасқыны кезінде жауапты қызметкерлерден кезекшіліктер ұйымдастырылсын және техникалардың дайындығы үнемі бақылауға алынсын.

3

3. 2007 жылғы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараларды жүргізуге "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің резервтік қорынан "Аманкелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 150000 (жүз елу мың) теңге қаражат бөлсін (2-қосымшадағы сметаға сәйкес).

4

4. 2007 жылғы көктемгі су тасқынына әзірлену және өткізу шараларын жүзеге асыру аудандық төтенше жағдайларды ескерту және соңын алып, жою жөніндегі комиссияға тапсырылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Дауылбайға жүктелсін.

8. 2007 жылғы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шаралар ЖОСПАРЬI

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 89 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
2007 жылғы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шаралар
ЖОСПАРЬI
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Жауаптылар
1
2
3
1. Автокөлік жолдарындағы су ағарларды тазалау және ағынды суларды кедергісіз өткізуін қамтамасыз ету
Су тасқыны басталғанға дейін
"Аманкелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
2. Автокөлік жолдарының жер қабаттарының еру мерзімінде ауыр салмақты автокөліктерге шектеу қою
Көктем мезгілінде
"Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
3. Көктемгі су тасқынынан бөлініп қалатын елді мекендерге дәрігерлік жәрдем көрсету
Су тасқыны басталғанға дейін
"Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)
4. Село, ауыл және ауылдық округтерде су тасқыны кезінде жауапты қызметкерлерден кезекшіліктер ұйымдастыру және күнделікті су тасқыны жөнінде мәліметтерді хабарлап отыру
Су тасқыны кезінде
Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері
5. Су тасқынына байланысты мәліметтерді облыстық төтенше жағдайлар департаментіне күнделікті хабарлау
Үнемі
Аманкелді ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы
6. Өткен жылдармен салыстырмалы түрде су бетіндегі мұздардың қозғалған уақытында мұз құрсауы болатын жерлерді анықтап хабарлау
Су тасқыны кезінде
Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері
7. Халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету
Су тасқыны басталғанға дейін
Село, ауыл және ауылдық округ әкімдері, "Аманкелді арайы" аудандық газетінің редакциясы (келісім бойынша)
8. Өзен-көлдер бетіндегі мұздар арқылы адамдардың, ат шаналар мен автокөліктердің жүруіне және мұз астынан балық аулауға тиым салу
Көктем мезгілінде
"Аманкелді аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
9. Су тасқыны жағдайында елді мекендерді және шаруашылық нысандарын қалыпты байланыспен жабдықтауды қамтамасыз ету
Су тасқыны басталғанға дейін
Аудандық телекоммуникация торабының дирекциясы (келісім бойынша)

9. 2007 жылғы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс СМЕТАСЫ

Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 89 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
2007 жылғы су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс СМЕТАСЫ

Іс-шаралар атауы
Жалпы саны, теңге
1.
Телефон-телефакс байланысының шығыны
5000
2.
Кезекші автокөліктерге жұмсалатын жанар-жағар май төлемақысы
145000