2007 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелермен ұйымдардан түскен сұраныстары мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жармұхамбетов Ермек Амантайұлына жүктелсін.
Басқа 4. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Аудан әкімдігінің
2007 жылдың «29» наурыздағы №30
қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Тармақ 1
1. «Селолық округ әкімдерінің аппараттары» мемлекеттік мекемесі
Тармақ 2
2. Теректі ауданының Әділет басқармасы
Тармақ 3
3. Теректі ауданының ішкі істер бөлімі
Тармақ 4
4. Теректі ауданының прокуратурасы
Тармақ 5
5. Теректі ауданының соты
Тармақ 6
6. Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
Тармақ 7
7. Теректі ауданының мұрағаты
Тармақ 8
8. «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылық Министрлігі Теректі аудандық аумақтық инспекциясы
Тармақ 10
10. Теректі ауданының Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны «Луч»
Тармақ 11
11. Теректі ауданының жер қатынастарының бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тармақ 12
12. Теректі ауданының салық комитеті
Тармақ 13
13. Аймақтық мемлекеттік мекемесі «Жылжымайтын мүлік орталығы»
Басқа 18. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
Аудан әкімдігінің
2007 жылдың «29» наурыздағы №30
қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы, теңге (айына)
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
Республикалық және облыстық компаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізу), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, лагерь аумағын жинастыруға, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне
9752
2
Көмекші жүмысшылар болуға:
құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен I, II топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына.
9752