Об утверждении ставок разовых талонов на 2007 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға арналған бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Бюджеттегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373 бабына, салық комитетінің ұсынған құжаттарына және Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық Кеңестің хаттамасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. Базардағы тауарларды сату, тұрғындарға қызмет көрсету бойынша және бюджетпен есептесу үшін бір жолғы талон бағасының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттыың 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № С-3/3 «2004 жылға арналған бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы» (Ақмола облысы әділет Департаментінде 2004 жылдың 27 қаңтарда № 2243 болып тіркелген) және 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 3С-10/5 «Бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы» (Ақмола облысы әділет Департаментінде 2005 жылдың 28 қаңтарда № 3009 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Аудан әкімінің орынбасары М.Жүнісов 26.03.2007
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 26 наурыздағы № 3С-30/11 шешіміне Бекітілген қосымша Сатылатын тауарлар атауы 2007 жылға арналған бекітілген күнделікті салық мөлшері теңгеде Киім, аяқ киім 85 Сүт өнімдері 25 Көкөніс, жемістер 85 Іш киім, шұлық тауарлары 85 Құрылыс материалдары 110 Ет 120 Басқа да тауарлар 85 Газет, жорналдар сату 80 Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын көшеттер 55 Бақша өнімдерін сату 200 Үйлердің жанындағы учаскелерде, саяжайда өсірелетін гүлдерді сату 85 Қосалқы ауылшаруашылықтың, бақ, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдері 25 Автомобиль көлігін айдап әкелу жөніндегі қызметтер : А/ жақын шет елдерден 300 Б/ алыс шет елдерден 450 Жер учаскесін өндеудегі жеке трактор иелерінің қызметтері 200 Жолаушылардың және жүктерді тасу жөніндегі жеңіл және жүк автомобиль көлектерінің жеке иелерінің қызметтері 200