Қолданыстағы ред. 27.03.2007

2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы от 27.03.2007 г. № 62 (2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы)

0

2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне қамтылған азаматтарға материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33- бабына сәйкес ШЕШТІМ:

1

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 500 теңге сомасында, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге біржолғы 9600 теңге сомасында, аз қамтылған азаматтарға біржолғы Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігіне 218 теңге сомасында және құжаттама үшін фотосуретке 250 теңге сомасында материалдық көмектің мөлшерлері белгіленсін.

2

2. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 40 «2006 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» (тіркеу нөмірі 9-15-29, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 7 наурызда № 10 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін, Мендіқара ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 каңтардағы № 17 «2007 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және аз қамтылған азаматтарға материалдық кемектің мөлшерлерін белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.

4

4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.