Об организации социальных рабочих мест на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылға әлеуметтік
жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынын 7 бабының 5-4 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнәр Тақуқызы) 2007 жылы нысаналы топтарға жататын Нұра ауданының жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының талаптарына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Ауыл және кент әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарда тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жүмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.