О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 - III Заңының 23 бабы 1 тармағына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуір №318 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарына шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери қызметке шакыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақырылушылар комиссиясы мына құрамда құрылсын (қосымша бойынша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мусірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа (келісім бойынша);
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналык куәландырудан өткізу үшін кажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметкерлер мен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандағы емдеу мекемесінде әскерге шакырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
Тармақша 3
3) шақыру учаскесін қажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлкімен камтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа Габит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақытылы бөлінуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ауылдық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шакыру комиссиясына келуін және облыстык жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Шайдолла Сапарүлы Мусинге (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырудың қорытындысы туралы әкімге әскери шакыру аяқталған соң ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Шақыру учаскесіне жұмыс істеу іссапарларға жіберілген, азаматтарды әскерге шақыру комиссиялырының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші күннен жарияланған кезден күшіне енеді. Келісілді «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндеғі бөлімі» мемлекеттік мекемесінін бастығы Ш.С.Мусин 2007 жылы 19 сәуір Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мұсірепов атындағы «Аудандық емхана» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Қ.Б.Бижанов 2007 жылы 19 сәуір
Басқа 14. Аудандык әскерге шақыру комиссиясының кұрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылгы «17» сәуір № 67 қаулысына қосымша Аудандык әскерге шақыру комиссиясының кұрамы Мусин Шайдолла Сапарұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; Горбаченко Евгений Витальевич - аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің бас маманы комиссия төрағасының орынбасары. Журавлев Юрий Григорьевич - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары; Лобанова Наталья Владимировна - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Габит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандык емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын емханалық жұмысы бойынша бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрайымы; Бейкель Светлана Николаевна - комиссия хатшысы. Әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы Асқаров Мұрат Манапұлы- «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінін бастығының орынбасары, комиссия төрагасы; Тайшабаева Алтыншаш Жүлдызбекқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары. Ақтаев Ибрагим Салықұлы - «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары; Хамзина Орынтай Ақылбекқызы - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын терапевт-дәрігері дәрігерлік комиссия төрайымы; Сергеева Любовь Андреевна - комиссия хатшысы.