Аудан аймағында 2007 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасынын 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74- III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1, 3 тармақтарына, 21 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы №623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан аймағында 2007 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы от 18.04.2007 г. № 73 (Аудан аймағында 2007 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы)
1. 2007 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдыруға құқы жоқ ер азаматтарға, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларға мерзімді әскери шақырылуы ұйымдастырылсын.
2. Шакыру комиссияларының қызметтеріне басшылық жасау және бақылау үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Мұсақұлов Эрмұхаммад Оразбекұлы - шақыру комиссиясының төрағасы, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы
Әбілқасова Сұлушаш Ғалимарданқызы – Уәлиханов ауданы әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сыздықов Шөқан Сапарханұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Сәриева Шынар Шәріпханқызы – аудандық емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Арынғазина Гүлнар Мағзұмқызы - шақыру комиссиясының хатшысы, емхананың медбикесі
Комиссия төрағасының орынбасары және мүшелерінің орынды себептермен болмаған жағдайында комиссияның дербес құрамына төменгі тұлғалар қосымша енгізілетін болсын.
Айтмағамбетов Сағыныш Әиіпұлы - шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары, аудан әкімі орынбасарының көмекшісі
Көмиссия мүшелері
Түлебаев Аманжол Зеннатұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Ибраева Алма Ешімқызы - аудандық емхананың бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы
Ташкина Зәуреш Айтмағанбетқызы - шақыру комиссиясының хатшысы, емхананың медбикесі
3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кезекшілік үшін техникалық жарамды автокөлік бөлінсін.
4. Қоса шақыру пунктіндегі жұмысқа қатынасу үшін техникалық жұмыскерлердің қажетті саны бөлінсін.
5. Селолық және ауылдық округтерінің әкімдері азаматтардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуін, оларды жедел әскери қызметке жөнелтуін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қағаздарында көрсетілген мерзімде қамтамасыз етсін.
6. Аудандық емхананың бас дәрігері (Н.Хомиченко) қажетті дәрігер мамандар және кіші медперсоналды медициналық куәландыруды өткізу үшін қамтамасыз етсін;
дәрігерлік комиссияны өтетін уақытта флюрограф қондырғысының жұмысы қамтамасыз етілсін;
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Жомартов И.Қ.- келісім бойынша):
1) азаматтарды шақыруын өткізетін мерзімде аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімімен өзара келісім бойынша шақыру пунктінде тәртіптік сақталуын ұйымдастырсын;
2) шақыру пунктінде азаматтардың келуіне бақылау жасалсын, жедел әскери қызметке шақырылудан бас тартуға әрекет жасағандарды тоқтатсын;
3) жиналатын орынға және облыстық жиналатын пунктке әскерге шақырылған командаларды жіберетін кезде аудандық қорғаныс істері жөніндегі Бөлімімен келісілген жасақшы бөлінуі тапсырылсын;
4) мерзімді әскери қызметтен бас тартқан шақырушыларды іздеп және шақыру пунктіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Ахметова Б.Р.) жұмыссыздық жөнінде есепте тұратын, төлемді қоғамдық жұмыстағы кісілерді әскерге шақыру пунктінде жұмысқа қатынастыру үшін қажетті мөлшерде бөлсін.
9. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы ( К.Б.Көрпебаева): әскерге шақыруды 2007 жылғы аудандық бюджетте көзделген көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Воронаға жүктелсін.
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.
Келісілді
Аудандық емхананың
бас дәрігері
Н.Хомиченко
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Б.Ахметова
Ауданның ішкі істер
бөлімінің бастығы
И.Жомартов
Аудандық қаржы
бөлімінің бастығы
К.Көрпебаева
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі Бөлімінің бастығы
Э.Мұсақұлов
Аудан әкімінің құқықтық сұрақтар
жөніндегі кеңесшісі Л.Әутәліпова