Об оказании в 2007 году единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан ко Дню Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына 2007 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 –бабының 1-тармағыныі 14)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Теміртау қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 10 қантардағы 37 сессиясының «Теміртау қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 сессиясының «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-31 болып тіркелген) № 37/4 шешімін орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында көрсетілген, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемемінде 2007 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғыс жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
Тармақша 3
3) Ленинград қаласы қоршауда болған кезде қала кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға;
Тармақша 4
4) екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі фашистермен және олардың одақтастарының құрған тұтқындар ұстайтын лагерьлерінің, геттолардың және басқа да күштеп ұстау орындарында ұсталған бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) көрсетілетін біржолға материалдық көмектің тағайындалуы мен төленуі уақытылы болуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) біржолғы материалдық көмекті төлеу «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Теміртау филиалының базасымен салыстырылған тізім бойынша жүргізілсін;
Тармақша 3
3) көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері қалалық бюджетпен осы мақсатқа бөлінген ақшалай қаражаттар сомасынан белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге арналған төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.