О проведении призыва на срочную воинскую службу на территории Тайыншинского района в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған
Басқа 0
Тайынша ауданының аумағында 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 20 бабтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген жедел қызметтегі әскери қызметшілердің запасқа шығуы туралы және 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Казақстан Республикасы азаматтарын жедел әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Жарлығының 3 тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жедел әскери қызметтен босату немесе мерзімін ұзарту құқығы жоқ, сондай-ақ 2007 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақырылуға мерзімін ұзарту құқығы жойылған, шақыру күніне дейін 18 жасқа толған Тайынша ауданының аумағындағы ер азматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштернің жедел әскери қызметіне шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қосьшшаға сэйкес шақыру комиссиясы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Рафальский А. П.):
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясына жіберілген шақырушыларды медициналық тексеру үшін аудандық аурухананың терапевт бөлімінде 18 орын, хирургия бөлімінде 12 орын қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Шаримова Т.К.):
Тармақша 1
1) аудандық шақыру пункттіндегі медициналық комиссияны қажетті медициналық мүлікпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоңалмен жасақтасын;
Тармақша 3
3) анализдарды өткізу лабораториялармен, рентген кабинеттерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 5
5. Тайынша қаласы мен селолық округтардың әкімдері шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру туралы құлақтандырсын және персоналдық шақыру қағазы мен алдында берілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шакырылғандарды жөнелтуді және шақыру комиссиясынан өту үшін уакытында келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Джердж С.В.) бөлінген қаржылар шегінде жергілікті бюджет есебінен шақыру бойынша іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ұсынылсын (Байқадамов К.Ф.) ( келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздеуді және ұстауды жүзеге кыру;
Тармақша 2
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім жанында құрылған іздеу тобының құрамына полиция қызметкерін, медициналық комиссиядан өту мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу және жеткізу үшін полиция қызметкері болінсін;
Тармақша 3
3) шақыру пунктінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін полиция қызметкері бөлінсін;
Тармақша 4
4) жүргізушілерге нұсқаулық жүргізу және Тайынша қаласының аудандық шақыру пункті мен Петропавл қаласының облыстық шақыру пунктіне жүрген кезде автобустарды жол полициясы қызметкерлерінің шығарып салуын қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Каринова Ш. Т.) шақырушылардың дене тәрбиесінің дайындығын тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына ұсынылсын (Гусев М.Г.) (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу тобы құрылсын;
Тармақша 2
2) шакыру комиссиясы барысында медициналық қайта куәландырылуға жататын әскери міндеттілер мен запастағы офицерлерді медициналық куәландырылуды жүргізсін;
Тармақша 3
3) он күн мерзім ішінде-аудан әкімше шақыру қорытындысы туралы есеп берілсін.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігі қаулысының куші жойылды деп есептелсін:
Тармақша 1
1) «Тайынша ауданының аумағында 2006 жылдың сәуір-маусым, казан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу іуралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 135 (2006 жылғы 24 сәуірдегі № 13-11-35);
Тармақша 2
2) «Тайынша ауданының аумағында 2006 жылдың сәуір-маусым, казан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу іуралы» «Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 268 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (2006 жылғы 21 тамыздағы № 13-11-74);
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Дүйсеноваға жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми басылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Тайынша ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
М.Гусев
20.04.2007 ж.
Тайынша ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы
X. Байқадамов
20.04.2007 ж.
Басқа 26. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
20 сәуірдегі № 136 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Гусев Михаил Григорьевич - комиссия төрағасы, Тайынша ауданы қорғаныс істері бөлімнің бастығы
Дүйсенова Анархан Қалиқызы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары
Ищанова Зинат Мухадедовна - комиссия хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбибі
Сүйіндікова Төлен Көшкенқызы - медицина комиссиясының төрайымы, аудандық орталық аурухананың жасөспірімдер терапевт-дәрігері
Ташетов Серік Ешімбайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рожнов Константин Геннадьевич - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің 1 бөлімшесінің бастығы
Охотников Анатолий Михайлович - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары
Кенжебаева Гүлжан Қайыржанқызы - комиссия хатшысы, аудандық орталық аурухананың медбикесі
Құлмағамбетов Есен Сатайұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Сливкина Лариса Георгиевна - медициналық комиссияның төрайымы, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары