Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және
әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымда және қазан-
желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымда және қазан -желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдырылуға құқығы жоқ, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және белгіленген мерзімде әскери қызмет мерзімін өткермеген ер жынысты азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссия құрамы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары шақыру және медициналық комиссиялары мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлер мен шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген қызмет көрсетуші адамдардың орташа еңбекақысы, жұмыс орны және алып отырған лауазымы осы азаматтар жіберілетін ұйымдарда сақталатынын еске алсын.
Тармақ 5
5. «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (М.В. Бисенова) аудандық медициналық комиссияны жетпейтін дәрігер - мамандармен, медициналық аспаптармен және мүліктермен, оның ішінде флюропленкалар және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.С. Жолдыбаев):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды уақытында хабарландыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін хабарландыру және іздестіру тобын құру;
Тармақша 2
2) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылғандарды алып баруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны әскерге шақырылғандарды алдын ала тексеруге кеткен шығынын аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен толтыру жөніндегі жұмыстар ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Селолық округтердің, селолардың әкімдері әскери шақырылғандардың «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандық шақыру және медициналық комиссиясына уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін және жеке бақылауына алсын.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б Ф. Жұмағалиев) әскерге шақыруды жүргізу және командыға жөнелту кезінде:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді, ұстауды жүргізсін және ұсталғандарды іздестіру және жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін;
Тармақша 2
2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылғандар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция тәулік бойғы нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде, оларды шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін және автокөлік бөлсін.
Тармақ 9
9. «Жітіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.Б. Никитченко) әскерге шақыруға байланысты іс-шараларды қаржыландыруды «Жалпыға бірдей әскери міндетті орындау шеңберіндегі шаралар» бағдарламасы бойынша 2007 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Шақыруды өткізудің кестесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Қаулы бірінші ресми жарияланғанынан соң 10 күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының Құрамы
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 256 қаулысымен
бекітілген
1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының Құрамы
Жолдыбаев Сәбит Сейітбекұлы - «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Қанатбаев Абай Амантайұлы - «Жітіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Мекебаев Болат Жаңабайұлы - «Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Крекова Валентина Григорьевна - «Жітіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша)
Қамытова Сәуле Жолтайқызы - «Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметкерлерінің жиынтығы шарт бойынша тобының бастығы, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 21. Шақыруды өткізу кестесі
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 256 қаулысымен
бекітілген
2 қосымша
Шақыруды өткізу кестесі
№
р/с
Елді мекендердің аттары
Шақырылығандар саны
Шақыру
комиссиясының жүргізілу күні
1
2
3
4
1.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 7 мамыр
2.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 8 мамыр
3.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 10 мамыр
4.
Пригородный селосы
33
2007 жылғы 11 мамыр
5.
Забелов селосы
17
2007 жылғы 11 мамыр
6.
Аққарға селосы
14
2007 жылғы 14 мамыр
7.
Степной селосы
12
2007 жылғы 14 мамыр
8.
Тоқтаров селолық округі
14
2007 жылғы 14 мамыр
9.
Приречный селосы
10
2007 жылғы 14 мамыр
10.
Волгоград селосы
18
2007 жылғы 15 мамыр
11.
Мүктікөл селолық округі
5
2007 жылгы 15 мамыр
12.
Большевик селолық округі
17
2007 жылгы 15 мамыр
13.
Жітіқара селолық округі
10
2007 жылгы 15 мамыр
14.
Тимирязев селосы
8
2007 жылғы 16 мамыр
15.
Жалтыркөл селосы
2
2007 жылғы 16 мамыр
16.
Шевченковка селосы
11
2007 жылғы 16 мамыр
17.
Милютин селолық округі
8
2007 жылғы 16 мамыр
18
Чайковский селолық округі
15
2007 жылғы 16 мамыр
19.
Ырсай селосы
6
2007 жылғы 16 мамыр
20
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 17 мамыр
21.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 18 мамыр
22.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 21 мамыр
23.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 22 мамыр
24.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 23 мамыр
25.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 24 мамыр
26.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 25 мамыр
27.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 1 қазан
28.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 2 қазан
29.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 3 қазан
30.
Тоқтаров селолық округі
16
2007 жылғы 4 қазан
31.
Волгоград селосы
12
2007 жылгы 4 қазан
32.
Мүктікөл селолық округі
7
2007 жылғы 4 қазан
33.
Тимирязев селосы
12
2007 жылғы 4 қазан
34.
Степной селосы
12
2007 жылғы 5 қазан
35.
Жітіқара селолық округі
5
2007 жылғы 5 қазан
36.
Жалтыркөл селосы
5
2007 жылғы 5 қазан
37.
Шевченковка селосы
7
2007 жылғы 5 қазан
38.
Милютин селолық округі
16
2007жылғы 8 қазан
39.
Чайковский селолық округі
18
2007 жылғы 8 қазан
40.
Аққарға селосы
15
2007 жылғы 8 қазан
41.
Ырсай селосы
10
2007 жылғы 9 қазан
42.
Забелов селосы
24
2007 жылғы 9 қазан
43.
Пригородный селосы
25
2007 жылғы 9 қазан
44.
Большевик селолық округі
28
2007 жылғы 10 қазан
45.
Приречный селосы
18
2007 жылғы 10 қазан
46.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 11 қазан
47.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 12 қазан
48.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 15 қазан
49.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 16 қазан
50.
Жітіқара қаласы
50
2007 жылғы 17 қазан