Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1989 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы жөніндегі іс-шаралар 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясың құрамы (1-қосымша);
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясың резервтік құрамы (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Әскерге шақыру учаскелері мен жинақтау пункттерінде жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші құрамдағы адамдардың, әскерге шақырылушыларды хабарландыру мен іздестіру тобы мүшелерінің, осы азаматтарды жіберген ұйымдарында жұмыс орны, орналасқан лауазымы және орташа жалақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Боровской селосы, селолық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың 100% келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңіне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз етуге және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық қызметкерлер құрамы мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберуге;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындарының резервісі болуына ұсыныс жасалсын.
Тармақ 6
6. «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 7
7. «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 8
8. «Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді хабарландыру мен іздестіру тобын құруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 9
9. «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылушыларды әскерге шақыруды жүргізу мен жөнелту кезінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 10
10. «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 11
11. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 179 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (тіркеу № 9-15-37, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 27 қазанда № 46 жарияланған), қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 90 қаулысына 1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Өтегенов Талғат Қайырбекұлы
«Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Швыдченко Светлана Васильевна
«Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Байзақов Жұмабек Тықышұлы
«Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Жолданов Бейсембай Тойғожаұлы
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-хирургы, медициналық комиссияның торағасы (келісім бойынша)
Оберемкова Татьяна Яковлевна
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім боійынша).
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссиясының резервтік ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің
2007 жылғы 19 сәуірдегі
№ 90 қаулысына 2-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының резервтік ҚҰРАМЫ
Мажула Валерий Иванович
«Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім (ойынша)
Ерғалиев Ақан Төлеуұлы
«Меңдіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Жұмабаева Әсия Иванқызы
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігер-психиатры (келісім бойынша)
Сөлейменов Жанәбіл Кеңесұлы
«Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Хапаль Елена Александровна
«Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).