Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории Акжарского района в 2007 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы Ақжар ауданы аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазакстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 4 тарауына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес және 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды әскерге шақыру Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2007 жылдың сәуірде - маусымда, қазанда - желтоқсанда ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Селолық округтердің әкімдері он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне уақытында келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясы қосымшаға келісімді құрамда құрылсын. Шақыру комиссиясының төрағасы Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық емханасының бас дәрігері (Сәбитова Ш.Қ.) (келісім бойынша), шақыру комиссия жұмысын сапалы істеу үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес шақырушыларды медициналық куәландырудың жүргізілуін және шақыру медециналық комиссиясының қажетті медициналық аспаптармен жабдықталуын;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін төсек-орын саны бөлуді және медициналық қызмет ету және айқындалған ауру шақырушыларды емдеу қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды өткізуге бөлінген қаражат шеңберінде қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Серікбаев Қ.Ж.) (келісім бойынша) шақыру мерзімінде шақыру пунктінде жастарды кәсіптік бағыттау және әскери-патриоттық жұмысын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Ақжар аудаңдық ішкі істер бөлімінің бастығы (Жахин О.М.) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысымен бекітілген азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 10 тармағына сәйкес шақыру комиссияға дәлелді себептерсіз келмеген шақырушыларды іздестіру және келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Закенов Б.Н.) Ленинград селосындағы №1,2 мектептерінің және № 6 кәсіптік - техникалық мектебінің муғалімдері арасынан Ақжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде құжаттамалық-техникалық жұмыстар үшін жұмысшыларды бөлсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы оның мелекеттік тіркелген сәттен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Жахин О.М. 19.04.2007 ж. Аудандық орталық емханасының бас дәрігері Сабитова Ш.Қ. 19.04.2007 ж. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Серікбаев Қ.Ж. 19.04.2007 ж.
Басқа 15. Әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Аудан әкімдігінің 2007 ж. «19» апреля № 85 қаулысына қосымша Әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ № Негізгі кұрам Резервті құрам Тегі, аты, әкесініц аты Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты Лауазымы 1 Серікбаев Қаратай Жұмабекұлы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Бикенов Өсербай Өтегенүлы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары 2 Ысқақ Бауыр Ақылұлы Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Еңсегенов Болат Қазбекұлы Аудан әкімінің құқық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Комиссия мүшелері: 3 Рақымжанов Самат Шерғалиұлы Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Хамзин Арстан Жусупович Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары 4 Сабитова Шолпан Қайыргелдікызы Аудандық орталық емахансының бас дәрігері, медициналық комиссияся төрайымы Ардақ Қайырбекқызы Молдағанапова Ленинград селолық ауруханасыны бас дәрігері 5 Гончарова Людмила Алексеевна Ленинград селолық ауруханасының медбикесі, комиссия хатшысы Хасенова Әлия Шакенқызы Жеткіншектер қызметінің медбикесі