Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәурдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запаска шығару және Қазакстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №318 Жарлығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, соңдай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска да әскерлері мен әскери құрамаларына мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шакыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын: Плетухин Юрий Александрович - комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазакстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы; Ахметжанов Болат Қадырұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары; Комиссия мүшелері: Әшімов Аян Әбуұлы - «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары; Сейітқожина Нұрсұлу Көшербайқызы - медициналық комиссияның төрайымы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары; Нұртазина Әнипа Бақытжанқызы - комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналык бибісі. Аудандық шақыру комиссиясы: өз қызметінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 21 -баптарының талаптарын басшылыққа алып, қатал сәйкестігін қамтамасыз етсін. Комиссиянын барлық мүшелерінің шақыру комиссиясына қатысу кезеңінде жалақылары сақталып, негізгі жумысынан босатылсын. Аудандық шакыру комиссиясының төрағасы Ю.А.Плетухин комиссия мәжілістерін толықсыз құрамымен өткізуге жол бермесін және Қазақстан Республикасының «Әскери міндетілік және әскери қызмет туралы» Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы бекітілсін: Шәріпов Жайлау Қабылқайырұлы - комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары; Тұралинов Серікбай Шәріпұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары; Комиссия мүшелсрі: Кәрімов Берік Төлебайұлы - «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары; Құсайынова Гүлім Естайқызы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелк жұмысы жөніндегі орынбасары; Задворная Людмила Михайловна - комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналық бибісі.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері: азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уакытылы келулерін камтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынын бас дәрігеріне (келісім бойынша) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналар ұсынылсын: шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастыру; комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету; ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар қарастыру.
Тармақ 6
6. Айыртау ауданының қаржы бөлімі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын: шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырып, аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз ету; шақыру пунктіне азаматтардың келуіне бақылауды жүзеге асыру, шақырудан бас тарту ниеттеріне жол бермеу.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттандыру кезеңіне облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырып өткізсін.
Тармақ 9
9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары - Б.Қ.Ахметжановқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы Ю.Плетухин 20 сәуір 2007 ж. «Айыртау ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Ильяшев 20 сәуір 2007 ж. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынын бас дәрігері С.Сәдуакасова 20 сәуір 2007 ж.