Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқықтары жоқ, сонымен қатар оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери кызметтін бекітілген мерзімінде қызмет етпеген, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуы 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру кезеніне аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. «Таран орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Н.С. Әбишевке (келісім бойынша) әскерге шақырылғандарды дәрігерлік куәландырудан өткізуге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) дәрігерлік куәландыруды өткізу үшін дәрігер-мамандарды және арнайы медициналық қызметкерлерді бөлуге, медициналық комиссиясын жиынына жеткіліксіз дәрігер маманымен (психиатр-дәрігері) қамтамасыз ету үшін облыстық денсаулық сақтау Департаментіне өтініш жіберуге;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандарды қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) клиникалық және флюорофафиялық тексерулер, дәрігерлік куәландыруды аудандық әскерге шақыру комиссиясы жұмысының кестесіне сәйкес бір күнде өткізуге (2 қосымша);
Тармақша 4
4) комиссияның жұмыс кезеңінде стационарлық тексеру өткізу үшін ең азы 10 төсек орын бөлуге, кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеру өткізу үшін жағдайлар жасауға.
Тармақ 4
4. Евгенов, Приозерный, Юбилейный селоларының, Тобыл кентінің, селолық округтерінің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) аудандык әскерге шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес әскерге шақырылғандарды адамдар тасымалдауға арналған көлікпен село, кент, селолық округі әкімі аппараттарының әскери - есеп үстелі мамандары іле жүріп, «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне алып келуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді шақырумен, әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шакырылгандарды салтанатты шыгарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.И. Нарховқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген заңнама шегінде, мерзімді әскери кызметтен жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесінің аумағында тәртіпті, Қостанай қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылғандарды жеткізуге бөлінген машина саптарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жасағын бөлуге.
Тармақ 6
6. «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Т. Түгелбаевқа (келісім бойынша) әскерге шақырылғандардың құжаттарын рәсімдеу және шақыруды сапалы өткізу үшін екі техникалық жұмыскер қабылдауға ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Таран ауданының каржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.С. Пирогке (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Мына қаулылардың күші жойылган деп есептелсін:
Тармақша 1
1) Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 114 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-29, 2006 жылғы 18 мамырдағы № 20 «Шамшырақ»).
Тармақша 2
2) Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 259 «Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 114 «Қазақстан Республикасынығ Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-36, 2006 жылғы 26 қазандағы № 43 «Шамшырақ»).
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Сүйіндіковке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Аудандык әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 қаулысына 1 қосымша Аудандык әскерге шақыру комиссиясының құрамы Марат Теңізбайұлы Түгелбаев - «Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссияның төрағасы Қайрат Жанділдәұлы Сүйіндіков - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Тоғжан Мәдиқызы Бектабанова - Қарулы Күштерінін кызметкері, комиссияның хатшысы Николай Владимирович Лебедев - «Таран орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы Бақберген Сейтханұлы Мыңайдаров - «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Николай Владимирович Лебедев - хирург-дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы Дариға Қуанышқызы Әбдірахманова - фтизиатр-дәрігері Нұржан Сүйіндікұлы Әбдірахманов - дерматовенеролог-дәрігері Александр Ильич Коноваленко - терапевт-дәрігері Людмила Степановна Коноваленко - окулист-дәрігері Александр Калиевич Никитин - отоларинголог-дәрігері Гүлжихан Қожахметқызы Халитова - стоматолог-дәрігері Тоқмейіл Кездесбайқызы Әбусағитова - невропатолог-дәрігері Денсаулық сақтау департаментінен - психиатр-дәрігері
Басқа 22. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы жұмысының КЕСТЕСІ
Әкімдіктің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 қаулысына 2 қосымша Аудандық әскерге шақыру комиссиясы жұмысының КЕСТЕСІ № р/р Юбилейный селосы, Тобыл кенті, селолық округтерінің атауы Барлығы: 2007 жылғы 4 сәуір 2007 жылғы 5 сәуір 2007 жылғы 6 сәуір 2007 жылғы 9 сәуір 2007 жылғы 10 сәуір 2007 жылғы 11 сәуір 2007 жылғы 12 сәуір 2007 жылғы 12 сәуір 1 Асенкритов 20 20 2 Белинский 10 10 3 Евгенов селосы 10 10 4 Қайранкөл 12 12 5 Красносельск 20 20 6 Калинин 37 37 7 Май 27 25 8 Набережный 8 12 9 Нелюбин 3 5 10 Новоильинов 35 40 11 Павлов 17 20 12 Приозерное 9 9 13 Таран 39 50 14 Тобыл кенті 68 50 30 15 Үшсор 4 12 16 Юбилейный селосы 11 8 Барлығы: 337 50 50 50 45 47 42 46 40