Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңың, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 Жарлығының орындауда, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды мөлшерлері он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін кезекті мерзімдік әскери қызметке шақырылуы 2007 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу кезеңіндегі шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын және сол құрам белгіленсін.
Тармақ 3
3. Шақыруды жүргізгенде әскерге шақырушыларды сапалы дәрігерлік куәландыру мақсатында «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне ұсынылсын (Финк В.В.):
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру пунктерін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық-санитарлық мүлікпен, құрал-жабдықтармен және медициналық құралдармен жинақталу бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарын жіберсін;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда әскерге шақырушылардың стационарлық емделуін өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 10 керуерт-орын бөлінуі қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Федоров селосы және селолық округтер әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өтуге аудандық комиссиясының отырысына және әскерге жіберу үшін уақытында жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметін өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 5
5. «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Никифоров А.Н.) «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ( Кенжекеев М.М. ) бірлесе әскерге шақырушыларды уақытында құлақтандыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін құлақтандыру және іздестіру тобын құрсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Кенжекеев М.М.) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, аудандық және облыстық медициналық комиссиясына шақырушылардың тіркеу уақытында және шақырушылардың әскери бөлімдеріне кету уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аймағында қоғамдық тәртібінің күзетін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) аудан әкімімен бекітілген, шақыру комиссиясы жұмыстарының кестесіне сәйкес, шақыру пунктінде тәртіпті қолдауы үшін учаске инспекторлары жіберілсін.
Тармақ 7
7. Әскерге шақыру учаскесіне жұмысқа жіберілген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің, медициналық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 8
8. «Федоров ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Гринак В.С.) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2007 жылғы ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат есебінің шегінде іске асырсын.
Тармақ 9
9. «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Никифоров А.Н.) әкімдік қаулысының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Федоров ауданының әкіміне 2007 жылғы 1 шілдеде және 2008 жылғы 1 қаңтарда берсін.
Тармақ 10
10. Федоров ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 9-20-25 тіркелген, 2006 жылғы 25 мамырда «Федоровские новости» газетінде жарияланған) 2006 жылғы 2 мамырдағы № 154 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн мерзімі өтілген соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В. Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 22. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 99 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Никифоров Александр Николаевич - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия торағасы Адаева Мәриям Дулатқызы - «Федоров аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Браилко Надежда Анатольевна - «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының дәрігерлік консультативтік комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Есмағамбетова Гүлнар Қазбайқызы - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру және келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің жиынтығы бөлімше бастығының көмекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Шуртамбаев Мырзаш Мнайдарұлы - «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (келісім бойынша)