Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин аудандық шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыру күніне 18-27 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округ, село әкімдеріне және мекеме ұйымдардарының басшыларына «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Шақыру комиссиясына шақырылған және «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі есепте тұратындардың қажетті құжаттарын сапалы түрде тапсыруын қадағалау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Жангелдин аудандық орталық ауруханасы шақыру комиссиясына шақырылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2007 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен шақыру комиссиясының жұмыстарын сапалы өткізу үшін шақыру пунктін жабдықтауға және шақыру пунктін ағымдағы жөндеуден өткізуге «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен қаржы бөлу мүмкіндігі көзделсін.
Тармақ 5
5. «Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстау, ұсталғандарды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы азаматтардың есебінен жүргізу ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Қостанай облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды тасымалдаған кезде және аудандық шақыру комиссиясының дәрігерлік бақылау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның тәулік бойғы нарядын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі әскери қызметті өтеу үшін әскер қатарына жіберілетін әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу іс-шараларын ұйымдастырсын;
Тармақ 8
8. Атқарылған жұмыстар туралы «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2007 жылдың 30 маусымы және 2007 жылдың 30 желтоқсанына дейін ақпарат берілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 117 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемелекеттік тіркеу № 9-9-42, 2006 жылғы 14 маусымда тіркелген аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 07 шілдедегі № 25 (7823) санында жарияланған) қаулының күші жойылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі Жангелдин аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 23 сәуірдегі
№ 100 қаулысына
қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі Жангелдин аудандық комиссиясының ҚҰРАМЫ
1. Кутаяков Жунус Мукатович - «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасы.
2. Зейнекина Ләззат Жаксылыковна - «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары.
3. Турмат Алмас Амантайұлы - «Жанкелдин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінін қызмет істері жөніндегі орынбасары.
4. Латып Әділхан Әнуарбекұлы - Жанкелдин аудандық орталык ауруханасының дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы.
5. Әкімжанова Ұлжалғас Тайғарақызы - Жанкелдин аудандық орталық ауруханасының медбикесі,
комиссия хатшысы.