Об организации социальных рабочих мест в Жаркаинском районе в 2007 году Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы
2001 жылдың 23 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, 2001 жылдың 23 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тармағының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша шараларды белгілеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген:
Тармақша 1
1) «Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесі»
Тармақша 2
2) Әлеуметтік жұмыс орнын құрушы мекемелер тізімі бекітілсін (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. «Жарқайың аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жылы мекемелерде құрылған әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және жұмыс берушінің жұмсалатын жартылай өтемақысынан жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Жарқайың ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2007 жыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А.Ахметоваға жүктелсін
Тармақ 6
6. Қаулы Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және жарияланған сәттен бастап іс-әрекет етуге енгізіледі.
Басқа 9. Жұмыс орнын құрушы ұйымдардың ТІЗІМІ
Жарқайың ауданының әкімдігінің
2007 ж «25» сәуір № А-5/2007
қаулысымен бекітілді
Жұмыс орнын құрушы ұйымдардың ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (келісім бойынша) - 25
Тармақ 2
2. «Жарқайың» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) - 5
Тармақ 3
3. «СЭН-ТАО» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) - 5
Тармақ 4
4. «Ұлы Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) - 5
Тармақ 5
5. «Ақтөбе-О» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (келісім бойынша) - 8
Тармақ 6
6. Шаруашылық қожалықтары (келісім бойынша) - 22
Тармақ 7
7. Жеке кәсіпкерлер (келісім бойынша) - 20
Басқа 17
Жарқайың ауданы әкімдігінің
«25» 04 № А-5/2007
Қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Негізгі Ереже халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, негізгі жағдайды және әлеуметтік жұмыс орнын ұсынған ұйымдармен (жекеменшік түрге байланыссыз) есеп-қисап жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Берілген Ереженің күшіне енуі үшін құқықтык негізі Қазақстан Республикасының «2001 жылғы 23 қаңтарындағы №149 Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Ережеде қолданылған негізгі түсініктер:
Әлеуметтік жұмыс орындар, ұйымдарда мемлекеттік тапсырыспен арнайы ұйымдастырылған жұмыс орны, бұл әрі қарай өз бетімен жұмысқа орналасу және кәсіптік білім алу үшін қажетті, олардың жұмыс тәжірибесі мен кәсіптік дағды дағды алу үшін арнайы тұлғалар тізімімен мақсатты бос орын (квота).
Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушінің жергілікті атқару органдармен келісім негізінде мақсатты топқа кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс беруші олардың еңбегін жартылай шығын өтемімен, жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жұмыс орны.
Тармақ 4
4. Мақсатты топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен бекітілген жұмысқа орналасуда қиналған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобы.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті органдар халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасғыруда көмектеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің жартылай шығын өтемімен жеке қаражат есебінен қаржыландырумен олардың еңбегі жергілікті бюджет қаражатынан анықталады және құрылады.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқару органдары жұмыс берушілермен халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандарға еңбекақысын, төлеуге, жартылай шығын өтем төлеміне көмек көрсету бойынша келісімге отырады.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбегін төлеуге арналған бюджет қаражаты тиімді жұмсау мақсатында жұмыспен қамту бөлімдері халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметттк жұмыс орнын құратын және ұсынатын ұйымдардың тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімін анықтайды.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға жолдама беру өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мақсатты топқа кіретін аз қамтылған жұмыссыздардың басымдылық құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі
3. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орынға қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жеке еңбек келісім-шартына сәйкес және орындалатын жұмыстың сапасына, санына, қиындығына қарай әр ай сайын жұмыс берушімен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуде жұмыс берушінің шығындары 50 пайыздық көлемде алты айдан кем емес мерзімде төменгі еңбекақымен жергілікті бюджеттен өтеледі. Бюджеттік қаражатты аудару бойынша есептер жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақыға белгіленген заңнамалық тәртіппен салық салынады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған көлемінде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен ақшалай түсімді әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа алынған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу бойынша жұмсалған шығын өтеміне қолданады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 17
17. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін қадағалауды бақылау мемлекеттік органдармен белгіленген заңнамалық тәртіппен жүзеге асады.