2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңдарына және «Белгіленген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімде әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылдың 17 сәуіріндегі № 318 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 24.04.2007 г. № 96 (2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінен (Е.Әбдікашев – келісім бойынша) азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруы сұралсын.
2. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды басқаруын үйлестіру және бақылауды үйымдастыру үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (№1 қосымша).
3. Аудандық медицина бірлестігі (С.Жекеев – келісім бойынша) медициналық шақыру комиссиясын дәрігер – мамандармен және медициналық құраммен толықтыруы сұралсын.
4. Аудандық мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (А.Түсіпов – келісім бойынша) аудандық жиналу пунктінің бөлмелерін санитарлық жағдайын бақылау сұралсын.
5. Аудандық қаржы бөлім (Б.К.Ахметжанов) бюджетте қөзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.
6. Аудандық ішке істер бөлімі (С.Жаппаров – келісім бойынша):
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып шақыру пунктерінде, жөнелту станцияларында, жиналу пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру;
3) әскери міндетін орындаудан бас тартқан азаматтарды жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Қала, кент, селолық округ әкімдері кестеге сәйкес азаматтары шақыру комиссиясына уақытында келуін қамтамасыз етсін (№2 қосымша).
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Дюсетаевқа жүктелсін.
9. Осы қаулы күшіне ресми жарияланған күнінен бастап енеді.
«Келісілді»
Аудандық қаржы бөлімінің
менгерушісі
_____________________Б.Ахметжанов
24 сәуір 2007 ж.
«Келісілді»
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
_______________________Е.Әбдіқашев
24 сәуір 2007 ж.
«Келісілді»
Аудандық медицина
бірлестігінін директоры
____________________
С.Жекеев 24 сәуір 2017 ж.
«Келісілді»
Аудандық мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
_____________________А.Түсіпов
24 сәуір 2007 ж.
«Келісілді»
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
____________________С.Жаппаров
24 сәуір 2007.
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2007 жылдың «24» сәуірдегі
№ 96 қаулысына № 1 қосымша
2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссияның құрамы (шақыру комиссиясы)
Ержан Қайдарұлы Әбдіқашев – Қарқаралы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник, комиссия төрағасы;
Сайлау Әлиұлы – аудан әкімі аппаратының үйлестіру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Жұманова Меруерт Төкенқызы – медбике, комиссияның хатшысы (келісім бойынша).
Дюсетаев Саят Смағанбетұлы - аудандық ішке істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша);
Абеуова Магира Раймбекқызы - дәригер, медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша).
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2007 жылдың «24» сәуірдегі
№ 96 қаулысына № 2 қосымша
2007 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру кезіндегі медициналық сараптама өту кестесі
№
Селолық округтер
саны
Уақыты
1.
Қарқаралы
80
09.04.07 – 10.04.07
2.
Егіндібұлақ
29
02.04.07ж.; 10.04.07ж.
3.
Қарағайлы
35
03.04.07ж.; 10.04.07ж.
4.
Абай
1
10.04.07ж.
5.
Аманжолов
14
06.04.07ж.
6.
Балқантау
8
02.04.07ж.
7.
Бақты
12
05.04.07ж.
8.
Бесоба
10
04.04.07ж.
9.
Жанатоған
2
04.-4.07ж.
10.
Қайнарбұлақ
24
06.04.07ж.
11.
Қараколь
2
02.04.07ж.
12.
Қаршығалы
13
04.04.07ж.
13.
Қоянды
2
02.04.07ж.
14.
Қыргыз
13
05.04.07ж.; 10.04.07ж.
15.
Мамыраев
9
04.04.07ж.
16.
Мәди
3
02.04.07ж.
17.
Нүркен
18
03.04.07ж.; 05.04.07ж.; 10.04.07ж.
18.
Нұрмақов
4
05.04.07ж.
19.
Тәттімбет
12
05.04.07ж.; 10.04.07ж.
20.
Тегісшілдік
12
06.04.07ж.
21.
Темірші
7
04.04.07ж.; 10.04.07ж.
22.
Томар
10
05.04.07ж.
23.
Угар
4
04.04.07ж.
24.
Шарықты
11
02.04.07ж.; 10.04.07ж.
25.
Ынталы
6
04.04.07ж.
Барығы
341